Қартайдым деп алдай көрме өзіңді, Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан

Мұхтар Шаханов

Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме

Нар көңілдің жастығы ма,
Әлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет, Грузияға барғанда,
"Бір сұлуға ғашық бопты" деседі.
- Міне, нағыз бүгінгінің батыры,
Қатал уақыт қарияны сала алмапты - ау төзіне.
Неткен қайсар сұлулық бұл, -
деп бір орыс ақыны
Жас алыпты көзіне.
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бәрінен де қалады.
Жер бетінде жел өшірген із аз ба,
Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.
Отызында кемпір болған қыз аз ба,
Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
Кім жас,
Кім қарт,
Уақыт өзі іріктер,
Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
Қарттық - оттың азаюы,
оты азайған жігіттер
Қай кездеде коғам үшін зиянды.
Бақыттысың әр таң сайын көзіңді
Сұлулыққа суарудан қашпасаң.
Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.



Ұқсас жұмыстар

Түркия Республикасы
Мемлекет алдындағы моральдық міндеттемелері
Адамтану қазақ іліміне кіріспе
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары
Мүшелге табыну мақсат емес, әлемеу қателік
Қабанбай батыр туралы аңыздар
Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние
Биологиялық жас
Әлеуметтік психологиялық теориялар
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
СБЖ-ның схемасын өңдеп сызу
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты мен міндеттері
МАХАББАТ ДЕП ТҮСІНДІ МЫНА ӘЛЕМДІ..
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жалпы экономикалық сипаттамасы