Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы

Сабақ туралы мәлімет

Қарағанды технология және сервис колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Наргелова Бақытнұр Еренғаипнова ұсынған аралас сабақтың тақырыбы — Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • Іздену және талдау

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ақан Қорамсаұлының өмір жолына және шығармаларына жүйелі түрде тоқталып, өлеңдері мен әндерінің мазмұны мен идеясын, шығу тарихын, тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру; шығармашылық қабілетін, танымдық дағдыларын, ойлау белсенділігін жетілдіру; әсемдікке және сезімталдыққа баулу.

Тәрбиелік

Атақты тұлғалардың өмірінен үлгі алуға, елінің саналы азаматы болуға тәрбиелеу; ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу; қоғамдық-идеялық көзқарасты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Байланыс

Музыка, қазақ тілі, тарих.

Көрнекіліктер

Слайд, интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар.

Сабақтың құрылымы

  • I. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
  • II. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау 8 минут
  • III. Жаңа сабақты түсіндіру 18 минут
  • IV. Жаңа сабақты бекіту 12 минут
  • V. Бағалау 3 минут
  • VI. Үй тапсырмасы 2 минут

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

Өткен сабақта «Біржан — айтыскер ақын» тақырыбы қарастырылды. Қайталау сұрақтары төмендегідей:

  1. 1) Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің?

    Көкшетауда, атасы Қожағұл ауылында, Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген.

  2. 2) Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті?

    Біржанның әсершіл, сезімтал, зерек болып өсуіне көзі қарақты, көкірегі ояу, шешен Қожағұл атасының ықпалы зор болды.

  3. 3) «Ләйлім шырақ» әнінің шығу тарихы қандай?

    Ағаларының сөз еститін жерге келуін күткен әнші Ләйлімге қарап, сол сәтте табанда ән шығарған.

  4. 4) «Жанбота» әнінің тақырыбы қандай?

    Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл, кердең надан Азынабайдың поштабайының қылығына арналған.

  5. 5) Жастарға қандай өсиет айтты?

    Өмір мағынасын жастық шақта түсіне біл; жақсының жанында жүріп үйрен, үлгісін өнеге тұт.

  6. 6) Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не?

    Әлеуметтік теңсіздік пен әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар туынды.

  7. 7) «Біржан — Сара» операсын жазған кім?

    Композитор М. Төлебаев.

  8. 8) «Сал» мен «серінің» айырмашылығы қандай?

    «Сал» — ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым; сал айрықша киімімен, мінез-құлқымен ерекшеленген. Ал «сері» — ерсі қылыққа бармайтын, сыпайы, ибалы жан ретінде сипатталады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі тақырып — Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы. (Слайд: Көкшетау.)

Сабақтың негізгі бөлімі: топтық жұмыс

Сынып екі топқа бөлінеді. Топтар алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз тақырыптарын қорғайды.

I топ: «Ауылым қонған Сырымбет саласына»

  • Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу.
  • Ақан әндері және олардың шығу тарихы.

II топ: «Сегіз қырлы, бір сырлы»

  • Ақан бойындағы қасиеттер және «Құлагердің» мазмұны.
  • Ақан туралы қалам тартқан ақын-жазушылар.

«Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өнерімен Ақан маған».

I топтың мазмұны: Ақан сері туралы шолу

Ақан сері Қорамсаұлы — XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ әнші-ақындарының көрнекті өкілі. Ол 1843 жылы қазіргі Ақмола облысындағы Қоскөл өңірінде дүниеге келген. Шын аты — Ақжігіт; ата-анасы еркелетіп Ақан деп атаған.

Ақан білімді, орыс, татар, шағатай тілдеріне жүйрік болған. Әншілік шеберлігі жоғары, талғамы биік өнер иесі ретінде танылған. Сонымен қатар жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы ұстап, баптай білген саяткер болған.

Ақан сері — «сегіз қырлы, бір сырлы» ұлы талант. Ол тек ақын емес, әнші-ақын: өлеңін өзі шығарып, өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі орындаған.

Ақанның «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Қараторғай», «Маңмаңгер» және өзге де әндері қазақ арасында кең таралған. (Сабақта «Балқадиша» әні тыңдатылады.)

II топтың мазмұны: Құлагер және әдеби мұра

Ақан ел есінде ақын, әнші, сазгер ретінде ғана емес, атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де қалған. Оның атын алысқа жайып, даңқын асырған сәйгүлігі — Құлагер.

Сабақ барысында Құлагердің Шөкетай есімді кісіден сатып алынғаны, ерекше бапталып-күтілгені айтылады (С. Жүнісовтің романынан үзінді келтіру арқылы).

Ақан сері туралы шығармалар мен туындылар

  • Сәкен Жүнісов — «Ақан сері» романы
  • Ілияс Жансүгіров — «Құлагер» поэмасы
  • Ғабит Мүсірепов — «Ақан сері — Ақтоқты» пьесасы
  • Фариза Оңғарсынова — «Ақан сері» өлеңі
  • Мұратбек Жоламанов — «Құлагер тағдыр» картинасы
  • «Құлагер» фильмі

IV. Жаңа сабақты бекіту

I топ

Сөзжұмбақ шешу.

II топ: «Кім көп біледі?»

  1. 1.Ақан сері өмір сүрген жылдар.
  2. 2.Ақанның жастық шағы өткен жер.
  3. 3.Ақанның құмай тазысының аты.
  4. 4.Ақанның қолы жетпеген ғашығы.
  5. 5.Ақан серінің қайтыс болған жасы.
  6. 6.Ақанның Уәлиахун медресесінде оқыған жыл саны.
  7. 7.Қызылжар қаласына барған жасы.
  8. 8.Үш-ақ ай бірге отасқан жары.
  9. 9.Құлагерді кімнен сатып алғаны.
  10. 10.Құлагерге қойылған оба тастың орналасқан жері.
  11. 11) Талдау тапсырмасы

    «Жақсыға бітсе дәулет — бақ айналар.
    Жаманға бітсе дәулет — әуейленер.
    Басына ер жігіттің бір іс түссе,
    Арасы қас пен достың абайланар».

    Ерекшеленген сөздердің қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыздар.

Пікірталас: «Айтарым бар»

Сендердің ойларыңша, бүгінгі таңда нағыз сері жігіт қандай болуы керек?

V. Бағалау және қорытынды

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі. Сабақ қорытындыланып, негізгі ойлар жинақталады.

VI. Үй тапсырмасы

Өздеріңе ұнаған Ақан серінің бір өлеңін жаттап келіңдер.