Қолданылатын әдістер
Сабақтың тақырыбы: Сақталу заңдары
Мақсаты
- Сақталу заңдары туралы түсінік қалыптастыру.
- Сақталу заңдарын есеп шығаруда қолдануға үйрету.
- Оқушыларды өзін-өзі бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
Түсінік қалыптастырады
Оқушылар сақталу заңдарының мәнін және олардың физикадағы рөлін түсінеді.
Есепте қолданады
Сақталу заңдарына қатысты формулаларды және қолданылатын физикалық шамаларды есеп шығаруда пайдалана алады.
Өзін-өзі бағалайды
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өз жұмысын талдап, нәтижесін әділ бағалай алады.
Керекті жабдықтар
Қолданылатын әдістер
Жаңа әдіс-тәсілдер
Білім берудегі заманауи әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
«Ыстық орындық»
Үй тапсырмасын тексеруде жедел сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.
Бейнеролик
Тақырыпты өмірмен байланыстырып, ұғымдарды визуалды түрде бекіту.
Топтық және жұптық жұмыс
Ынтымақтастықта жұмыс істеу, талдау, дәлелдеу және шешім ұсыну дағдыларын дамыту.
Сабақтың құрылымы
-
Кіріспе:
сыныппен амандасу; ББЖӘТ әдісі арқылы топтарға бөлу.
1-топ
Жұмыс
2-топ
Энергия
3-топ
Импульс
- Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» әдісі арқылы білімді тексеру.
- Тұсаукесер: «Миға шабуыл» арқылы тақырыпқа шығу; бейнеролик көрсету.
- Қайталау және бағыттау: сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылау; бағалау критерийлерімен таныстыру.