Аққала суреттері слайд интерактивті тақта

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Сурет салу

Тақырыбы

«Көңілді аққала»

Көрнекіліктері

Аққала суреттері, слайдтар, интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдері

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Пилингвальді компонент

  • Қарснегsnow
  • Аққаласнеговикsnowman
  • Қысзимаwinter

Мақсаты

Аққала туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік

Аққаланың суретін салу үшін суық түстерді таңдау қажеттілігін үйрету.

Дамытушылық

Губка арқылы жуан-жіңішке дөңгелектерді басып салу әдісіне жаттықтыру, байқампаздықты дамыту.

Тәрбиелілік

Еңбексүйгіштікке, табиғатқа қамқорлық жасауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала!

Аққаланы айналып,

Ойнаймыз біз шаттана.

Аққала, аққала,

Сені жасап мақтана,

Қорғауменен жүреміз,

Бұздырмастан басқаға.

Ғажайып сәт: ертегілер елінен видео хабар

Ертегілер елінен Skype арқылы Айя мен Алиден видео хабар келеді. Тәрбиеші балаларға роликті көрсетіп, олардың аққала жасап үйренгенін бөліскенін түсіндіреді. Осыдан кейін бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы таныстырылады: сурет салу — «Көңілді аққала».

Сұрақ-жауап арқылы қайталау

Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

Төрт мезгілге.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Үш ай.

Қыс айларын атаңдар.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Кейіпкермен кездесу: Аққала қонақта

Аққаланың амандасуы және жұмбағы

Зал іші салқындағандай болып, біреу тақылдап келе жатқандай әсер береді. Қонаққа Аққала келеді: ол қысты жақсы көретінін, қардың ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауатынын айтады.

Жұмбақ

Қыста ғана боламын.

Көздерім қара көмірден.

Мұрным менің сәбізден.

Суықпын, аппақпын.

Мен не екенмін?

Жауабы: Аққала.

Неге «аққала» деп атайды?

Өйткені оны қардан жасайды.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Үш дөңгелек: үлкен, орташа, кішкентай.

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыру»

Компьютер арқылы әртүрлі көлемдегі дөңгелектерден аққаланы рет-ретімен жинап құрастырамыз. Мақсат — бөліктерді дұрыс тәртіппен орналастыру.

Тақпақ (бірлесіп)

Домалатып ақ қарды,

Ұлпа қардан жасаймыз.

Үлкен, кіші, орташа,

Дөңгелектеп құраймыз.

Мұрнын жасап сәбізден,

Бас киімін — шелектен.

Көңілденіп, секіріп,

Аққаланы жасаймыз.

Балалардың тақпақтары

Ерболсын

Аққаламыз жүрмейді,

Ойнап бізбен күлмейді.

Қалжыңдап қар атса да,

Сөз қайтаруды білмейді.

Айым

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.

Каусарім

Әппақ, әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала, барлық бала,

Қуанып жүр далада.

Абдурахман

Көкті бұлт тұмшалап,

Жер ақ тонан киеді.

Шұнақ аяз шымшылап,

Аяз бетінен сүйеді.

Сергіту сәті

Аққала балаларды сергіту жаттығуларына шақырады. Жаттығулар экран арқылы көрсетіліп, балалар қимыл-қозғалыс арқылы сергіп алады.

Негізгі бөлім: «Көңілді аққаланы» салу

Мәселе

Аққала көңілсіз екенін айтады: балалар үйіне кеткенде ол жалғыз қалады. Сондықтан ол өзіне көп дос керек екенін жеткізеді.

Шешім: суық түстерді таңдап, аққаланы бейнелеу

  • Аққаланы салу үшін ақ немесе көгілдір түстерді қолданамыз.
  • Аққала үш бөліктен тұрады: төменгісі — ең үлкен, ортасы — орташа, басы — ең кішкентай дөңгелек.
  • Бейнесін айқындау үшін басына шелек саламыз, мұрнын сәбіз түрінде бейнелейміз.
  • Қарды көгілдір реңкпен бояп, қыстың салқындығын көрсетуге болады.
  • Губка арқылы дөңгелек пішіндерді басып салу тәсілін қолданамыз: жуан және жіңішке іздер арқылы көлем береміз.

Нәтиже

Балалар аққаланың суреттерін салып, оған «достар» сыйлайды. Осылайша Аққала көңілденіп, енді өзін жалғыз сезінбейтінін айтады.

Қорытынды бөлім

Алғыс және сыйлық

Аққала балаларға алғыс айтып, «енді менің достарым көп, мен — көңілді аққаламын» дейді. Сыйлық ретінде «қардан сиқыр жасап», тәтті «Рафаэллоны» тәрбиешіге береді. Сосын өзі еріп кетпеу үшін сыртқа асығып, балалармен қоштасады.

Қайталау сұрақтары

Skype арқылы кім хабарласты?

Ертегілер елінен Айя мен Али.

Қонаққа кім келді?

Аққала.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Үш бөліктен.

Аққаланың түсі қандай?

Ақ (көгілдір реңкпен толықтыруға болады).

Авторлық дерек

№30 «Гүлдер» бөбекжайы

Тәрбиеші: Галиева Аида Азаматқызы