Күзгі пейзаждың композициясы
Күзгі пейзаждың композициясы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектеп мұғалімі — Орынбаева Жанар. Бұл сабақта оқушылар күзгі табиғат көрінісін бақылап, пейзаж композициясын құрастырудың негізгі қағидаларын меңгереді.
Сабақтың мақсаты
Бейнелеу өнерін дәріптей отырып, балалардың ойлау қабілетін дамыту; өнерді және табиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікті бағалауға тәрбиелеу.
Білімділік
Пейзаж туралы түсінікті қалыптастыру; табиғаттағы өзгерістерді және жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерді түсіндіру.
Дамытушылық
Эстетикалық талғамды, қиялды дамыту; табиғат құбылыстарының үнемі өзгеретінін ұғындыру; танымдық белсенділікті арттыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа баулу; табиғатты аялауға және сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен ресурстар
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, күз туралы өлеңдер, сөзжұмбақ, «Кім шапшаң?» ойыны.
Техникалық құралдар: суреттер, жапырақтар, желім, суретшілердің репродукциялары.
Жұмыс түрі: топтық тапсырмалар, талқылау, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау. Үлкендермен амандасу мәдениетін бекіту.
Психологиялық дайындық (өлең жолдары)
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің ізеті.
Ал, қанекей бәріміз
Сәлемдесейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Қайталау сұрағы
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс.)
Қыс туралы өлең шумақтарын тыңдайық:
I топ
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
II топ
Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға…
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.
III топ
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың ашық және тұйық композиция тақырыбында салған жұмыстарын қарап шығу, қысқаша кері байланыс беру.
III. Үй тапсырмасын қорытындылау (сұрақ-жауап)
I топ
Ашық композиция дегеніміз не?
II топ
Тұйық композиция қалай құрылады?
III топ
Композициядағы басты нәрселер қандай?
IV. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту (жұмбақ-өлең)
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балалар: бұл қай кезде болады? (Күз.)
Күз — табиғаттың бояуы қанығып, жапырақтың реңі құбылатын ерекше мезгіл. Бұл — бақылап, салыстырып, көргенімізді қағазға түсіруге қолайлы уақыт. Күз тақырыбындағы өлең шумақтарын тыңдайық:
I топ
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
II топ
Сары алтындай сары күз —
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағымыз.
III топ
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Сабақтың тақырыбы
Бүгін біз күзгі пейзаждың композициясын құрастырамыз. Негізгі міндет — табиғаттағы өзгерісті байқап, оны сурет тілімен дәл әрі әсерлі жеткізу.
Негізгі ұғымдар
- Композиция
- (лат. compositio — «құрастыру», «тәртіпке келтіру») — көркем шығарманың құрылымы, бөліктердің өзара байланысы мен орналасу тәртібі.
- Сюжет
- Шығармадағы оқиғаның дамуы: кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, байланысы, тартысы.
- Пейзаж
- (фр. paysage) — табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері Қытайда, Жапонияда және өзге шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дербес жанр ретінде қалыптасқан.
Пейзаждың ерекшелігі
Пейзаждың бір түрі табиғаттағы нақты көріністі бейнелейді, ал екіншісі суретшінің қиялынан туады. Екі жағдайда да суретші табиғаттың мінезін, көңіл күйін, жарық пен түстің әсерін дәл беруге ұмтылады.
Күз көрінісі туралы өлең жолдары
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Барын беріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
Дала ұқсайды алысқа,
Дамыл алған маужырап.
Тұлға: Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1965)
- ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1978)
- Қазақстанның халық жазушысы (1994)
- Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996)