Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу

Мерекенің мақсаты

1) Білімнің бастауы

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің әр бала үшін берік негіз болып қалатынын ұғындыру.

2) Қоштасу және танысу

Бастауыш сыныппен және алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру; әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.

3) Құрмет пен құштарлық

Білім берер орда — мектеп пен ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу, білімге деген құштарлықты арттыру.

4) Азаматтық тәрбие

Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға баулу.

1-жүргізуші: Дастан

Сәлемдесу

Жүргізуші

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге —
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

2-жүргізуші: Назерке

Сәлемдесу

Жүргізуші

Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңізден бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Әкелерге құрмет

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапаныңды мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби — еркелер.

Кіріспе сөз

2-жүргізуші: Дастан

Бүгін біз сауатымызды ашып, білімнің негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші: Дастан

Тарыдай болып кіріп, ақыл-ойы толысқан, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өтетін «Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Түлектерді шақыру

2-жүргізуші

Олай болса, бастауыш сыныпты бітіретін түлектерімізді ортаға шақырайық.

1-жүргізуші

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4-сынып түлектерін ортамызға!

Сахналық белгі

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.