Оқушылар сергиді

Сабақ туралы мәлімет

Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі — Турдалиева Рысгүл Бақытнұрқызы. Пәні: Математика (2-сынып).

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту (26 + 7; 33 − 7).

Сабақтың түрі

Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Ресурстар

  • АКТ, интербелсенді тақта
  • Слайдтар
  • Бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

  • Көрнекілікке сүйене отырып, бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін енгізу және қолдану үлгісін көрсету.
  • Есептеулер жүргізудің тиімді тәсілін таңдау дағдысын қалыптастыру.
  • Екі амалмен шығарылатын есептерді (қосындыны табу, қалдықты табу, «сонша» типі) шығару дағдыларын бекіту.
  • Күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектер бойынша түрлі әрекеттерді орындауға машықтандыру.
  • Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту; ынтымақтастық пен адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Ондықтан аттап қосу мен азайтуды меңгереді.
  • Соған байланысты есептерді шығара алады.
  • Ауызша есептеуге дағдыланады.
  • Жұппен және топпен жұмыс жасай алады.

Түйінді идеялар

  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүйелі қолдану.
  • Оқушының ой-өрісін дамытатын тапсырмалар ұсыну.

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Көшбасшылық

АКТ пайдалану

Сын тұрғысынан ойлау

Диалог

Бағалау

Белсенді оқыту тәсілдері

Түрлі тапсырмаларды түсіндіру, сұрақ қоюдың әр түрін қолдану және нәтижені жинақтау.

Сабақтың барысы

1) Ынтымақтастық ортасын құру

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

2) Топқа бөліну және бағалау парағы

  • Оқушылар топтарға бөлінеді.
  • Бағалау парағы түсіндіріледі: тапсырма толық орындалса — «+», толық орындалмаса — «−». Соңында ортақ баға шығарылады.
  • Өзін-өзі бағалау «+ / −» белгілеу арқылы жүргізіледі.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық: 117-бет, 6-тапсырма.

(48 + 2) + 5 = 55

(57 − 7) − 2 = 48

(36 + 7) + 3 = 46

(65 − 7) + 4 = 62

Оқушылар берілген өрнектердің шешуін оқып, талдайды.

4) «Кім жылдам?» сұрақтары

  1. Шаршы дегеніміз не?
  2. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
  3. «Кем» десе не істейміз?
  4. Периметр дегеніміз не?

Ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтереді.

5) Ой сергіту (логикалық сұрақтар)

Сұрақ: Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг?

Жауап: Сиыр екі аяғымен тұра алмайды.

Сұрақ: Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Бұл қалай?

Жауап: Бір оқушы асықты дорбасымен бірге алады.

6) Математикалық диктант

7 онд. = 70

1 онд. 2 бірл. = 12

3 онд. 9 бірл. = 39

1 сағ. 10 мин = 70 мин

1 тәулік 2 сағ. = 26 сағ.

9 онд. = 90

Оқушылар ондықпен берілген сандарды бірлікпен жазады, уақыт бірліктерін (сағат–минут, тәулік–сағат) түрлендіріп, сан түрінде көрсетеді. Мұғалім тақырыпты оқушылардың өздеріне ашуға жағдай жасайды.

7) Тақтамен жұмыс (№1)

№1 (а). Мұғалімнің түсіндіруі

26 + 7 және 33 − 7 түріндегі қосу мен азайтуды бөлшектеп есептеу тәсілі арқылы түсіндіру.

№1 (ә). Оқулықпен жұмыс

49 + 4

62 − 8

53 − 4

86 + 9

54 + 8

95 − 9

Оқушылар есептеп, тақтаға шығып түсіндіреді.

8) Есеп шығару (№2)

Мәтіндік есеп

Қоймада бірінші күні 20 қап, екінші күні одан 5 қап артық картоп іріктеді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күндегідей мөлшерде картоп іріктелді. Үшінші күні неше қап картоп іріктелді?

Берілгені

  • 1-күн: 20 қап
  • 2-күн: 1-күннен 5 қап артық
  • 3-күн: 1-күн + 2-күн мөлшеріндей

Шешуі

(20 + 5) + 20 = 45 (қ)

Жауабы: үшінші күні 45 қап картоп іріктелді.

Оқушылар ойланып, пайымдап, есептің шешу жолын дәлелдейді.

9) Сергіту сәті

Секіреміз: топ, топ, топ.
Шапалақтаймыз: көп, көп, көп.
Оңға қарай иілеміз: бір, екі, үш.
Солға қарай иілеміз: бір, екі, үш.

Қимыл-қозғалыс арқылы оқушылар сергіп алады.

10) Топтық жұмыс (№3)

1-топ

83 + 7 = 80 + (3 + 7) = 90

83 + 9 = 80 + (3 + 9) = 92

2-топ

92 − 9 = 80 + (12 − 9) = 83

68 + 2 = 60 + (8 + 2) = 70

3-топ

74 − 4 = 70 + (4 − 4) = 70

74 − 8 = 60 + (14 − 8) = 66

4-топ

8 + 85 = (8 + 5) + 80 = 93

93 − 3 = 90 + (3 − 3) = 90

Оқушылар талдайды, дәлелдейді, нәтижесін тақтада қорғайды.

11) Тақтамен жұмыс (№4): тіктөртбұрыш және периметр

Тіктөртбұрыштардың нөмірлерін теріп жазып, әр тіктөртбұрыштың периметрін табу.

1-нұсқа

Ені — 1 см, ұзындығы — 2 см

P = 1 + 2 + 1 + 2 = 6 см

Жауабы: периметрі 6 см.

2-нұсқа

Ені — 3 см, ұзындығы — 2 см

P = 3 + 2 + 3 + 2 = 10 см

Жауабы: периметрі 10 см.

Оқушылар есепті орындарында отырып шығарады. Бірінші әрі дұрыс шығарған оқушы қалған жұмыстарды тексереді.

12) Есеп шығару (№5)

Берілгені

  • 1-күн: 36 сәбіз
  • 2-күн: 1-күннен 6 сәбіз кем
  • 3-күн: 1-күн + 2-күн мөлшеріндей

Шешуі

(36 − 6) + 36 = 66 (с)

Жауабы: үшінші күні 66 сәбіз жиналды.

13) Қорытынды тапсырма (№6): топтық жұмыс

1-топ

50 + (6 + 7) = 63

2-топ

40 + (13 − 9) = 44

3-топ

30 + (8 + 10) = 48

4-топ

60 − (15 − 8) = 53

Оқушылар топпен орындайды, топ басшылары тексереді.

14) Бағалау

Оқушылар тапсырмалардың орындалуына қарай бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалайды.

15) Үй тапсырмасы

119-бет, 7-тапсырма.

16) Рефлексия (кері байланыс)

«Бүгін сабақты түсіндім» — бармақ жоғары, «жартылай түсіндім» — көлденең, «түсінбедім» — төмен көрсету.

Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, кері байланыс береді.