Жапырақтың құрылысы

Сабақтың тақырыбы

Жапырақтың құрылысы.

Сабақтың мақсаты

  1. Жапырақ туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Жапырақтың өсімдіктің өсу мүшесі екенін дәлелдей отырып, жапырақтың құрылысы, бөлімдері, жүйкеленуі және сабаққа орналасуы туралы мәлімет беру.
  2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
  3. Әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарына сипаттама беруге үйрету және табиғаттағы өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Флипчарт
  • Жапырақ суреттері
  • Кеппе шөптер

Әдісі мен түрі

Сабақтың әдісі: тірек-сызба және әртүрлі тапсырмалар.

Сабақтың түрі: танымжорық (саяхат сабағы).

Ұстаным: «Жол жетпеген жерге ой жетеді».

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топқа басшы тағайындалып, басшылардың бас киімі ретінде топ атауына сәйкес лента байланады.

1-топ

«Ақ желкен»

Ақ лента

2-топ

«Алқызыл желкен»

Қызыл лента

3-топ

«Жасыл желкен»

Жасыл лента

Саяхаттың сценарийі

Бағыт жалаушалармен белгіленеді. Әр кеденнен өткен сайын жалаушалар алынып отырады.

Ақтау қаласында үш кеме күтіп тұрады. Оқушылар сол кемелерге «мініп», үш материкке жетуі керек. Ақтау портының суреті бар плакатқа үш кеменің бейнесі жапсырылады.

Шет мемлекетке шығу үшін жол құжаттарын дайындап, тиісті ұйымдардан өту қажет. Сондықтан саяхат «Анықтама қызметінен» басталады.

«Анықтама қызметі» — бастапқы сұрақтар

Әр топ өзіне берілген сұрақтарға жауап беріп, келесі кезеңге өтуге «рұқсат» алады.

1-топ

  1. Жапырақ дегеніміз не?
  2. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
  3. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай?

2-топ

  1. Қынап дегеніміз не?
  2. Жапырақ тақтасының қызметі қандай?
  3. Жапырақтың жүйкеленуі қандай?

3-топ

  1. Жай және күрделі жапырақтар дегеніміз не?
  2. Жапырақ сабаққа қалай орналасады?
  3. Жапырақ жүйкелері қандай қызмет атқарады?

Анықтама қызметінен өтіп, Каспий теңізіне жетеміз. Волга өзенінің сағасына да келеміз — Ресей жері басталады. Енді бірнеше «кеденнен» өтуіміз керек.

1-кеден: «Орнын тап» және «Сандар сыры»

1-топ

Жапырақ суретіндегі санмен белгіленген бөлімдердің атауларын жазыңдар.

2-топ

Суретте көрсетілген жапырақтар қай топқа жатады? Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3-топ

Жай жапырақтардың пішіндері нені еске салады? Реттік сандары бойынша атауларын жазыңдар.

2-кеден: «Жер қойнауы»

Тірек-сызбамен жұмыс жүргізіледі. Әр топ өз тапсырмасын сызба түрінде орындайды.

1-топ

  1. Жапырақтың сыртқы құрылысын сызу.
  2. Жапырақтың қызметтерін сызу.

2-топ

  1. Жапырақ тақтасының пішіндерін сызу.
  2. Жапырақтың жүйкелену түрлерін сызу.

3-топ

  1. Жапырақ саны (орналасу ерекшеліктері).
  2. Жапырақтың сабаққа бекінуі.

3-кеден: «Метеорологиялық орталық»

Әр топтан биологиялық диктант алынады. Төмендегі сөйлемдерді тиісті терминдермен толықтырыңдар.

1-топ — биологиялық диктант

  1. Жапырақтың кеңейген жалпақ бөлігі — __________.
  2. Жапырақ сағағының орнына түтік тәрізді өсетін бөлігі — __________.
  3. Жапырақша саны жұп болса — __________.
  4. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуы — __________.

2-топ

Диктант тапсырмалары осы бөлімге енгізіледі.

3-топ

Диктант тапсырмалары осы бөлімге енгізіледі.