Тобымыздың биші аруылары
Тәрбиеші туралы мәлімет
Өңір
Маңғыстау облысы
Аудан / Қала
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
Мекеме
«Балбөбек» балабақшасы
Топ және тәрбиеші
І санатты ересектер тобының тәрбиешісі: Шукирбаева Гүлжан Аманқосовна
Мақсаты
Танымдық бағыт
- Балаларға көктем туралы және 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
- Отбасындағы ананың орнын ұғындыру, анаға құрмет сезімін қалыптастыру.
- Ана мен баланың арасындағы байланысты әртүрлі жанр арқылы көрсету.
Тәрбиелік бағыт
- Отбасына, туыстарына мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын сіңіру.
- Достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам!
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы.
Құрметті, қадірлі аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын! Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміз «Мама» биімен бастамақ. Қабыл алыңыздар, құрметті де аяулы аналар!
Би
«Мама»
Ән
«Балдырғандар әні»
«Балдәрен» тобы: ару қыздар шеруі
Балаларымыз ару қыздарымызды орындарына отырғызады. Әрқайсысының ерекше қыры атап өтіледі:
Ең ақылды ару
Камила
Ең сүйкімді ару
Анел
Ең білімді ару
Нұрай
Ең әдемі ару
Жанеркем
Ерке қыз
Алфира
Әнші қыз
Аружан
Ең сымбатты ару
Элина
Ең биші қыз
Кәусар
Ең батыл қыз
Перизат
Ең сыпайы ару
Фатима
Суретші ару
Назым
Сабырлы ару
Дана
Биші арулар
Аяужан мен Албина
Салмақты ару
Әсемай
Өлең жолдары: анаға құрмет
Жанеркем
Ана деген өмірдегі ұлы есім.
Бақ тілесең, анадай-ақ тілегін.
Ана деген ардақты ат — сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң, білесің.
Назым
Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған.
«Алтыным» деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Ақ жүрекке сақтаған
Жарқын жүзің — бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші, ақ мамам!
Бекжан
Мерекесі бүгін алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін жарқын даламның.
Күлімдеген көзі — күннің нұрындай,
«Ұлым» деген сөзі — ақын жырындай.
Фатима
Анам менің — сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең, биікпін,
Алыстасаң, сағынам.
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі —
Мейірімді ғой, керемет!
Көрініс: «Өз анаңнан артық жан жоқ»
Кіріспе
Ертеде ме, бүгінде ме — бір қызық оқиға болыпты. Сол оқиғаны ортаға салайын.
Балалар: Айтыңызшы, қазір айтыңыз!
Жүргізуші: Мұнда бір ой бар — сендерге сабақ болсын. Өкпе артудың қажеті жоқ: ешкімге ол жараспайды.
Сахналық жағдай
Әкесі орындықта газет оқып отырады, әжесі қасында демалып жатыр. Анасы кір жуып жүр, ал ұл мен қыз ойнап отырады. Сол сәтте анасының телефоны шырылдайды.
Диалогтар
Анасы: Сәлем, жаным Алтынай! Халің қалай, қалқам-ай? Үйге соғып кетесің бе? Кешке дейін үлгересің бе?
Балалар (кітап ұстап): Ойнаудан жалықтық. Ертегі оқып бересіз бе?
Анасы: Тынышымды алмаңдаршы, әкелеріңе барсаңдаршы.
Анасы (әңгімесін жалғап): Көйлек алдым дейсің бе? Әдемі ме? Киіп көрдің бе?
Балалар: Әке, бізге қарашы! Доп ойнайық, киноға апарыңызшы!
Әкесі: Бүгін қолым бос емес, футболға кетіп барамын. Ертең уақытым болса, бірге ойнаймыз. Серуендеуді әпкелерің Жайнадан сұраңдар.
Балалар: Жайна әпке, бүгін бізге сурет салып бересіз бе?
Жайна: Қазір уақытым жоқ, інім. Институтқа баруым керек. Кешке таныс жігітпен киноға барамын. Бір минут та бос емеспін.
Балалар: Өзіміз қалдық, не істейміз?
Түйін
Ешкім балаларды қыдыртпады: әкесі де, анасы да, әпкесі де, әжесі де бір сәтке назар аудармады. «Аяңдаршы бұларға: сурет салып беріңдер, кітап оқып беріңдер», — деген ой айтылады.
Жүргізуші: Үйде ешкім болмағандай көрінсе, мұндайда не істеу керек?
Балалар: Ойланумен отырмыз, не істеу керегін білмейміз.
Жүргізуші: Менде қызық бір ой бар: мүмкін, сендерге жаңа ана іздеп көрерміз.
Балалар: Жаңа ана іздеуге қазірден дайынбыз. Бізбен ойнаса екен!
Жүргізуші: Біздің таныс қос бала жас ана іздеп келсін. Осы уақытты пайдаланып, ән айтайық, көңілденейік.