Таба құймаққа арналған немесе бауырсақ пісіріп жүрген таба болса құба - құп
Жұқа құймақша (Блинчики)
Бұл рецепт бойынша құймақтар жұқа, нәзік және жеңіл шығады. Қамырдың аздап тыныққаны құймақтың тегіс пісуіне көмектеседі, ал әр қабатына жағылған сары май дәмін ерекше байытады.
Қажетті өнімдер
- Сүт (шикі): 1 литр
- Жұмыртқа: 2 дана
- Қант: 2 ас қасық
- Ұн: 250 г
- Сұйық май: 4–5 ас қасық
- Тұз: шай қасықтың ұшымен
- Сода: 1/2 шай қасық
Қосымша: піскен құймақтың арасына жағу үшін сары май (сливочный).
Қысқа нәтиже
- Шығымы
- орташа табамен 30–35 құймақ
- Қамырды демалту
- 10 минут
- Құймақ құрылымы
- жұқа, жұмсақ, нәзік
Ескерту: құймаққа арналған таба немесе бауырсақ пісіретін таба қолдансаңыз өте ыңғайлы. Басқа табада қамыр түбі жабысып қалуы мүмкін.
Дайындау тәсілі
-
1
Шикі сүтті отқа қойып, аздап жылытып алыңыз (қайнатпай-ақ қойыңыз).
-
2
Бөлек ыдысқа жұмыртқа, қант, тұз және соданы салып, біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз.
-
3
Жылы сүтке жұмыртқалы қоспаны құйыңыз. Ұнды біртіндеп қосып, түйіршік қалмайтындай етіп араластырыңыз. Соңынан сұйық майды құйып, қайта араластырыңыз.
-
4
Дайын қамырды 10 минутқа қалдырып, аздап тынықтырыңыз.
-
5
Табаны жақсылап қыздырыңыз. Ожаумен қамырды табаның шетінен құйып, табаны айналдыра отырып жұқалап жайыңыз да, екі бетін қызарғанша пісіріңіз.
-
6
Әр піскен құймақтың арасына жұқалап сары май жағып отырыңыз.