Фудзияма Үндістан тобына
Сабақтың тақырыбы
Азия елдері
Жалпы мақсат
«Азия елдері» тарауы бойынша алған білімді қорытындылау, пәнге қызығушылық деңгейін анықтау және материк бойынша меңгеру дәрежесін бағалау.
Оқыту нәтижелері
- Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
- Өтілген материалды жүйелеуге үйрету.
- Есте сақтау қабілетін және жылдам ой қорытуын жетілдіру.
Түйінді идея
Мұғалім оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруін үнемі назарда ұстауы тиіс. Бұл оқушының өзіне деген сенімділігін ғана емес, жауапкершілігін де арттырады. Бірін-бірі оқыту арқылы оқушылар ізденімпаздыққа, шығармашылыққа және бірлескен нәтижеге ұмтылады. Сабақ барысында Азия елдері туралы жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік беріледі.
Әдіс
Топтық жұмыс, кезеңдік тапсырмалар және ұпайлық бағалау.
Ресурстар
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Интерактивті тақта
- Музыка және бейнематериал
- Би элементтері
- Ұлттық тағам түрлері
- Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ)
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
3 минут
Мұғалім әрекеті
- Ұйымдастыру кезеңі: амандасу.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
Оқушы әрекеті
- Азия халықтарына тән амандасу ерекшеліктерін көрсетеді.
- Топтарға бөлінеді: Қытай, Жапония, Үндістан.
2) Мағынаны ашу: кезеңдік тапсырмалар
6 минут
I кезең — «Нақты сұрақ, ұтымды жауап»
Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
«Қытай» тобы
- «Тянь-Шань» қытай тілінде нені білдіреді? — Аспанмен тілдескен тау
- Азияның оңтүстік-батыс бөлігін құрайтын түбек: Арабия
- Сары және Шығыс Қытай теңізі жағалауларындағы ірі жазық: Ұлы Қытай жазығы
- Қытайдың дәстүрлі ілімі (ұлттық дүниетанымының негізі): Конфуций ілімі
- Жер шарындағы ең төмен жатқан аймақ: Өлі теңіз (−403 м)
«Жапония» тобы
- Жапондар өз мемлекетін қалай атайды? — Күншығыс елі
- Азияны Еуропадан бөліп тұрған теңіз: Эгей теңізі
- Үндістанмен 4053 км шекараласатын ел: Бангладеш
- Пусан кеме жасау орталығы орналасқан ел: Оңтүстік Корея
- Жапонияның ең биік нүктесі: Фудзияма
«Үндістан» тобы
- Арабия түбегі Африкадан қандай теңіз арқылы бөлінеді? — Қызыл теңіз
- Дүние жүзінде жауын-шашын ең көп түсетін елді мекен: Черапунджи
- Халқы саны бойынша дүниежүзінде 10-орын алатын ел: Жапония
- АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония — қай елдің сауда серіктестері? Үндістан
- Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет: Түркия
II кезең — «Ақпарат көзі»
Тақырып бойынша ең толық әрі нақты ақпарат ұсынған топқа 10 ұпай.
Әр топ өз елінің халқы, мәдениеті және даму ерекшеліктері туралы алдын ала дайындалған слайдтарын ұсынады.
III кезең — «Өзіңді бағала!»
Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
- Израиль, Ирак, Йемен, Кипр, Түркия — мемлекеттік құрылысы республика. Иә
- Азия жерінің 25%-ын таулар алып жатыр. Жоқ
- Моңғолияның ұлттық діні — христиан діні. Жоқ
- Малайзия, Тайланд, Кувейт — абсолюттік монархиялар. Иә
- Азия Жер шары халқының 60%-ын құрайды. Иә
- Жылына 2 рет өнім жинайтын ел — Қытай. Жоқ
- Қытай жер көлемі бойынша 3-орында. Иә
- Үндістанның ақшасы — юань. Жоқ
- Абдул Калам — Пәкістанның президенті. Жоқ
- Жапония шикізат пен отынды өзге елдерден сатып алады. Иә
IV кезең — «Ойлы болсаң, озып көр!»
Ту арқылы мемлекетті және астанасын табу. Мемлекет пен астана толық айтылса — 10 ұпай, жартылай — 5 ұпай.
Мысалдар
- Түркия — Анкара
- Иран — Тегеран
- Моңғолия — Ұланбатыр
V кезең — «Кино әлемі»
Ұяшықтарды таңдау арқылы фильмдердің саундтректері ойнатылады. Тапсырма: киноның қай елге тиесілі екенін анықтау, фильм атауын және басты рөлді сомдаушыны атау. Ең жоғары балл — 10.
Үндістан
«Биле, биле» — Метхун
Түркия
«Көкжалдар мекені» — Ниджати Шашмаз
Корея
«Ханзада Джумонг» — Сонг Иль Гук
Моңғолия
«Шыңғыс хан»
Қытай
«Аңыз» — Джеки Чан
Қазақстан
«Ғашық жүрек» — М. Әуелбекова, М. Беспаев, Б. Есентаева
VI кезең — «Өнерлі өрге жүзер»
Әр топ өз елінің ерекшелігін өнер арқылы көрсетеді (ән, би, көрініс). Ең жоғары ұпай — 10.
VII кезең — «Ас мәзірі»
Әр топ өз елінің ұлттық тағамын ұсынып, ерекшелігін түсіндіреді. Ең жоғары ұпай — 10.
Капитандар сайысы
Әр топтың капитаны командалық сұрақтарға жауап береді; шешім қабылдау жылдамдығы мен дәлдігі бағаланады.
3) Ой толғаныс
7 минут
«Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында баяндама жасалады. Үш елдің экономикасы мен мемлекеттік ерекшеліктерін Қазақстанмен байланыстыра отырып талқылау ұсынылады.
4) Үй тапсырмасы
1 минут
- «Азия елдеріне саяхат» тақырыбында ойтолғау жазу.
- Азия елдерін аймақтарға бөліп, кескін картаға түсіру.
5) Бағалау және қорытынды
1 минут
Бағалау
Оқушылардың нәтижелері INSERT кестесі және бағалау парақтары арқылы анықталады.
Қорытынды
Бағалау парағындағы жалпы ұпайлар бойынша жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.