Сиқырлы қорапша

Жабайы жануарлар / Дикие животные / Wild animals

Бұл сабақтың мақсаты — балаларға жабайы жануарлардың атауларын ағылшын тілінде үйрету, олардың тіршілік ету ортасы туралы түсініктерін бекіту және көрнекіліктер арқылы ой-өрісін, ауызша сөйлеуін дамыту. Сабақта “Who is it?”, “I see a…”, “This is the…” сияқты тіркестер жүйелі қолданылады.

Сонымен қатар балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету және табиғатқа, тірі жандарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу көзделеді.

Көрнекіліктер

  • Мультимедиа
  • Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары, муляждары
  • Сиқырлы қорапша (The magic box)

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Ойындар және сөйлем құрастыру

Билингвальді компонент

Түлкі / Лиса
fox
Қасқыр / Волк
wolf
Қоян / Заяц
hare
Аю / Медведь
bear
Кірпі / Ёж
hedgehog

Ескерту: ағылшынша дұрыс жазылуы — hedgehog.

Сабақ барысы

Сабақ “Шаттық шеңберінен” басталады (шамамен 2 минут). Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады, шеңберді үлкейтіп-кішірейтіп, бір-біріне күлімдеп амандасады және қозғалыс арқылы нұсқауларды орындайды.

Warm-up: Circle routine (English)

Time to make a circle. Everyone rushes to the center of the room and holds hands in a circle.

Make a circle, big big big. Make the circle bigger.

Small small small. Make the circle smaller.

Hello hello hello. Everybody waves to each other and makes eye contact.

Round and round. Holding hands, walk around in a big circle (you can change direction).

Up up up. Reach up high. Down down down. Crouch down low.

Now sit down. Everyone sits down.

Әңгіме: Табиғат және маусым

Мұғалім балаларға сұрақ қояды: “What season is it now?” Содан кейін табиғат туралы әңгіме өрбиді: табиғат — бізді қоршаған орта, табиғатсыз тіршілік болмайды, ал оның адамға берер сыйы өте көп.

Оқиға желісі: Орманға саяхат

Балалар кеше серуен кезінде көрген хабарландыруды еске түсіреді: аңдар саябағынан аю қашып кеткен, тауып берген адамға сыйақы (сүйінші) болатыны айтылған. Мұғалім балаларға: “Аюды табуға көмектесеміз бе?” — деп ұсыныс жасап, бәрін орманға саяхатқа шақырады.

Қозғалыс ойыны: “Choo-choo train”

This is a choo-choo train, puffing down the track. Now it’s going forward, now it’s going back. Now the bell is ringing. Now the whistle blows. What a lot of noise it makes everywhere it goes.

Орманмен танысу

Слайд арқылы орман көрінісі көрсетіледі және жаңа сөздер бекітіледі: Орман — лес — forest

Сиқырлы қорапша және жұмбақтар

Орманда балалар Сиқырлы қорапшаны көреді. Оны ашу үшін тапсырмаларды орындау керек: жұмбақтарды шешіп, жауаптарын суреттермен салыстырып, қысқаша сипаттама беру.

Жұмбақ 1

Өзі сұр түсті, көп тісті. Итке ұқсайды. Тік құлақ, аузы қара. Қауіпті жыртқыш.

Жауабы: Қасқыр — волк — wolf

Жұмбақ 2

Өзі айлакер, өзі қу. Жүрген жері айқай-шу.

Жауабы: Түлкі — лиса — fox

Жұмбақ 3

Үсті толы ине, бірақ іс тікпейді, түйме қадамайды.

Жауабы: Кірпі — ёж — hedgehog

Жұмбақ 4

Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. Балды жақсы көреді.

Жауабы: Аю — медведь — bear

Жұмбақ 5

Ұзын құлақ, қорқақ өзі. Орманда қаша береді. Қорегі — түрлі шөптер мен ағаш қабықтары. Жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.

Жауабы: Қоян — заяц — hare

Негізгі ұғымды бекіту

Бұл жануарларды біз “Жабайы аңдар / Дикие животные / Wild animals” деп атаймыз. Жабайы жануарлар елсіз далада, орманда өмір сүреді: өз қорегін өзі тауып, табиғаттың суығы мен ыстығына төзеді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп, олардың ішінде пайдалысы да, сақ болуды қажет ететіндері де бар.

Сергіту сәті

“Teddy Bear” (қимыл-қозғалыс әні)

Teddy bear, teddy bear, turn around.
Teddy bear, teddy bear, touch the ground.
Teddy bear, teddy bear, nod your head.
Teddy bear, teddy bear, close your eyes and go to bed.

Қорапшаны ашу және қорытынды

Тапсырмалар сәтті орындалған соң, сиқырлы әуенмен қорапша ашылады. Ішінен орманның бір бөлігі сияқты әдемі көрініс шығады: кейбір жабайы жануарлар жасырынып қалыпты. Іздеп жүрген аю да сол жерде болады.

Тәрбиелік ой

Балалар аюдың табиғатта еркін жүргені дұрыс екенін талқылайды. Аружанның пікірі: “Аю бостандықта жүрсін. Оны адамдар жеке бас пайдасы үшін торда қамап ұстауы дұрыс емес.”

Балабақшаға оралу: сөйлеу дағдысын бекіту

Балалар “пойызбен” балабақшаға қайтады: Чух-чух-чух. Пиктограммалар арқылы “I see a…” құрылымын қолданып, жануарлардың атауларын үш тілде айтады.

I see a fox.

Түлкі — лиса — fox

I see a wolf.

Қасқыр — волк — wolf

I see a bear.

Аю — медведь — bear

I see a hedgehog.

Кірпі — ёж — hedgehog

Қорытындылау және бағалау

Сабақ қорытындыланып, балалар мадақталады. Смайликтер арқылы балалардың көңіл-күйі анықталып, кері байланыс алынады.

Атырау қаласы, №25 “Еркемай” балабақшасы

Ағылшын тілі маманы: Ақмырза Асел Маратқызы