Ынтымақтастық идеясы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Алгебра
Сынып
8-сынып
Тақырып
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Мақсат, міндеттер және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Түрлі тапсырмалар арқылы квадрат үшмүше ұғымын тереңдету; квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу жолдарын талдау; зерттеу жұмыстары негізінде сыни ойлау, алған білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру; шығармашылыққа баулу және диалогтік оқыту арқылы танымдық белсенділікті арттыру.
Танымдық міндеттер
- Тақырып бойынша логикасы әртүрлі есептерді шығару.
- Өзін-өзі дамыту және өз деңгейін бағалау.
- Берілген мақсатқа жету және топ жұмысының нәтижесін көру.
- Өз ойын сынып алдында қорғау.
Эмоционалдық міндет
Тапсырмаларды орындауға қолайлы, қолдаушы орта қалыптастыру.
Әлеуметтік міндеттер
- Тәжірибе және идея алмасу.
- Мәселені бірлесіп шешу жолын табу.
- Ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже
- Квадрат үшмүше ұғымын тереңдетеді.
- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерін талдайды және зерттейді.
- Ережені қолдану арқылы есеп шығару алгоритмін құрастырады; есептің маңызы мен пайдасы туралы пайымдай алады.
Негізгі идеялар және сабақ талдауы
Негізгі идеялар
Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық және топтық форматта жұмыс істеп, қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.
Сабақты талдау
Қойылған мақсатқа жету үшін оқушылар түрлі тапсырмалардан өзіне қажетті мәліметті іздейді. Қызығушылықтың артуы сабақта меңгерілген білім элементтерінің көбеюімен тікелей байланысты екенін түсінеді. Оқушылар өз бетімен алған білімдерін саралап, нәтижені жақсарту үшін белсенді әрекет етеді.
Ресурстар, тәсілдер және модульдер
Тапсырма көздері мен әдістер
- Жеке, жұппен және топпен жұмыс.
- Ассоциация құру.
- Болжау.
- Топтастыру.
- Деңгейлік тапсырмалар.
Модульдерді кіріктіру
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
- АКТ қолдану.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқытуды басқару және көшбасшылық.
- Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау.
Қажетті жабдықтар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу.
-
«Көтеріңкі көңіл күй» тренингі: әр оқушы өз бойындағы қазіргі қасиетті таңдап, сыныптастарына бүгінгі сабаққа тілегін білдіреді.
Өмірге риза болу Әділдік Ұқыптылық Ашықтық Кеңпейілділік Шыншылдық Өзбетінділік Өзіне сенімділік Ұжымдық Ақылдылық Қарапайымдылық Сапалылық Бауырмалдық Тілтабысушылық Сыпайылық Батылдық Төзімділік Тұрақтылық Сабырлық Еңбекқорлық
- Бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейміз (қол ұстасып, хормен).
- Квадрат үшмүшенің коэффициенттері бойынша (a, b, c) топқа бөлу.
- Көшбасшыны сайлау және критерийлерге негізделген бағалау парағын тарату.
II. Қызығушылығын ояту
Сабақты Астанаға ЭКСПО 2017 көрмесіне «саяхаттан» бастаймыз. «ЭКСПО 2017 қай кезде өтеді?» деген сұраққа жауап алу үшін тапсырма орындаймыз.
Миға шабуыл
«Сөздер банкасы» тәсілі арқылы квадрат теңдеуге қатысты негізгі ережелерді тұжырымдау:
- 1) D = ?
- 2) x₁ = ?
- 3) x₂ = ?
- 4) D > 0
- 5) D = 0
- 6) D < 0