Қыстап қалатын құстарды ата
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті • Экология негіздері
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Мекеме
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №33 «Көркемай» балабақшасы
Тәрбиеші
Шаханова Салтанат Айтқалиқызы
Екінші кіші топ
Білім беру саласы
Таным
Мақсаты
- Білімділік: қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарды сыртқы белгілері арқылы ажыратуды үйрету.
- Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға және құстарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: тақпақ айту, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын және ой-өрісін дамыту.
Тілдік және әдістемелік бөлім
Жаңа сөздер
Әдіс-тәсілдер
АКТ: слайд арқылы қыстап қалатын құстарды көрсету және әңгіме құрату.
Шаттық шеңбер
Ал балалар, тұрайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып шоқиық.
Торғай болып қонайық,
Қане, қанат жазайық!
Қарлығаш болып ұшайық,
Ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Сұрақ-жауап: қыс мезгілі
- Тәрбиеші:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар:
- Қыс мезгілі.
- Тәрбиеші:
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Балалар:
- Үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Тал басына ұя салады.
Бау-бақшаны аралап,
Көркейтеді даланы.
Бұл жұмбақ құстар туралы.
Негізгі әңгіме: құстар — табиғаттың бір бөлігі
Құстар — бау-бақшаның сәні әрі біздің досымыз. Олардың пайдасы көп: ағаштағы және жердегі құрт-құмырсқаларды жеп, табиғат тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Құстардың әсем әні көңіл-күйімізді көтереді, ал кейбірі адамдардан қалған азық қалдықтарын теріп жеп, айналаны тазартуға да үлес қосады.
Қыстап қалатын құстар
Торғай, қарға, сауысқан, көгершін және т.б.
Олар көбіне ағаштың бұтағында немесе үйдің шатырында ұя салады.
Сергіту жаттығуы
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Бөтекесі бұлтиып,
«Шиқ-шиқ» етіп отырмақ.
Балалардың тақпақтары
Шыр еткен торғайды
Қорғамаса болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Ұясына қонбайды.
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәулелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Көгершінді мақтаймыз.
Қарлығаштар қаптап жүр,
Өз еңбегін ақтап жүр.
Ұяларын тоздырмай,
Келер жылға сақтап жүр.
Көгершін-ау, көгершін,
Жер жасарып көгерсін.
Жем шашайын уыстап,
Маған жақын келерсің.
Қимылды ойын
«Мысық пен балапандар»
Құстарды қорғау туралы сөздер
- Құс ұясын бұзбайық.
- Аққуды атпайық.
- Құсқа тас лақтырмайық.
- Құстардың жұмыртқасын жармайық.
Тіл ұстарту жаттығуы
- 1 ыс-ыс-ыс — келіп қалды қыс.
- 2 ұс-ұс-ұс — құстар бізбен дос.
- 3 ос-ос-ос — ұшып кетті құс.
Қорытындылау сұрақтары
1) Қыстап қалатын құстарды ата.
2) Неліктен оларды «қыстап қалатын құстар» деп атаймыз?
3) Олар қайда мекендейді?
4) Олар немен қоректенеді?