Барлық жауап дұрыс
Сабақ туралы мәлімет
- Өткізілетін орны
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектеп
- Мұғалім
- Қаман Күлмараш Болатқызы, информатика пәні мұғалімі
- Сабақтың тақырыбы
- WordPad бағдарламасында мәтін теру және суреттерді кірістіру
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқушы–мұғалім, оқушы–компьютер
Мақсаты
- Білімділік: мәтін теру, түзету, пішімдеу, құжатты сақтау және суреттерді кірістіру тәсілдерін түсіндіру әрі үйрету.
- Тәрбиелік: компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылық пен дәлдікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: теориялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылық пен компьютерлік сауаттылықты арттыру.
Көрнекілігі
Слайдтар, үлгі мәтіндер (мәтін теру мен пішімдеуге арналған тапсырмалар).
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: «2030 жылға сапар» ойыны
Оқушылармен бірге «2030 жылға сапар» ойынын ойнаймыз. Экранда әр кезеңге арналған слайдтар көрсетіледі: мақсат — осы кезеңдерден өтіп, соңғы нүктеге жету. Соңғы кезеңде экранда Бәйтерек символы шығады. Символды ашқанда «2030 жылға қош келдіңіз!» деген жазу пайда болады.
II. «Кім жылдам?» — үй тапсырмасын тексеру
ActivWord тест функциясы арқылы
Тест 5 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа бір ғана дұрыс жауап беріледі.
-
1) WordPad мәтіндік редакторы не үшін қолданылады?
- A) Әртүрлі графикалық кескіндерді салуға және редакциялауға мүмкіндік береді.
- B) Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
- В) Барлық жауап дұрыс.
-
2) WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы
- A) Пуск → Программы → Стандартные → WordPad
- B) Пуск → Программы
- В) Барлық жауап дұрыс.
-
3) «Файлды сақтау» командасы қайсысы?
- A) Файл → Создать
- B) Файл → Открыть
- В) Файл → Сохранить
-
4) «Файл → Печать» командасын орындау арқылы
- A) Құжат ашу
- B) Құжат сақтау
- В) Құжатты баспаға шығару
-
5) «Файл → Открыть» командасын орындау арқылы
- A) Құжат ашу
- B) Құжат сақтау
- В) Құжатты баспаға шығару
III. Практикалық тапсырмалар: «Кім жүйрік?»
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтін теру, қаріп өлшемін өзгерту, мәтінді қалыңдату, курсив, асты сызу, түспен пішімдеу және құжатты сақтау әрекеттерін қолданады.
A тапсырмасы
Негізгі деңгей- Мәтінді тер.
- Тақырыбын 18 қаріппен, қалғанын 14 қаріппен жаз.
- Құжатты сақта.
B тапсырмасы
Күрделірек- Мәтінді тер.
- Тақырыпты 20 қаріппен, қалың етіп және қызыл түспен пішімде.
- Қалған мәтінді 18 қаріппен теріп, әр жолды әртүрлі түспен пішімде.
- Құжатты сақта.
ҮЛГІ МӘТІН
Карта Казахстан Взгляните на карту, На наш Казахстан. Там снежные пики, Степной океан.
C тапсырмасы
Пішімдеу дағдылары- Мәтінді тер.
- Барлығын 14 қаріппен тер.
- 1-сөйлемді қалың, 2-сөйлемді курсив, 3-сөйлемді асты сызылған етіп пішімде.
- Құжатты сақта.
ҮЛГІ МӘТІН
Spring One of the seasons of the year is spring. Spring months are March, April and May. Spring is a beautiful season. I like spring best of all.
IV. Сергіту сәті: саусақ жаттығулары
Қолдың саусақтарына арналған жаттығулар орындалады. Компьютер көптеген мәселені шешуге көмектескенімен, денсаулыққа әсері болуы мүмкін екені талқыланады. Сұрақ: «Компьютер құрылғыларының ішінде қайсысы зиян болуы мүмкін?» Оқушылар жауап береді. Мұғалім пернетақтамен ұзақ жұмыс істеудің қол бұлшықеттеріне түсетін жүктемесін ескертіп, дұрыс қалыпты көрсетеді: қолды алға созып, қатайтпай, бос ұстаймыз.
1-жаттығу
Саусақтарды кезекпен бүгіп-жазу.
2-жаттығу
Білезікті айналдыра қозғалтулар.
3-жаттығу
Алақанды ашып-жұмып, жеңіл сергіту.
V. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар Paint бағдарламасында салған суреттерін WordPad құжатына көшіреді (кірістіреді). Әр оқушы өз жұмысын сынып алдында көрсетіп, қысқаша түсіндіреді.
Бағалау парағы (үлгі)
| Сыныбы | Оқушының аты-жөні | «Кім жылдам?» | A тапсырмасы | B тапсырмасы | C тапсырмасы | Шығармашылық жұмыс | Қорытынды баға |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ |
Ескерту: Бағалау критерийлерін мұғалім сабақ мақсатына сай нақтылап толықтыра алады.