Алақанға бояды жаға білуді қалыптастыру
Кіріктірілген оқу қызметі
- Кіріктелген білім беру саласы
- Коммуникация, Шығармашылық
- Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі
- Көркем әдебиет, Сурет
- Блок тақырыбы
- Менің қоршаған әлемім
- Апта тақырыбы
- Музыкалық аспаптар
- Тақырыбы
- «Қай аспаптың дыбысы?» (Алақанмен сурет салу)
Мақсаты
Білімділік
- Музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажыратуға үйрету.
- Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Алақанға бояу жағып, қағаз бетіне бастыру тәсілін меңгерту.
Дамытушылық
- Аспаптардың дыбысын есте сақтауды дамыту.
- Ойлау қабілетін жетілдіру.
- Бояуды алақанға дұрыс жағу дағдысын қалыптастыру.
- Әсемдік талғамын арттыру.
Тәрбиелік
- Балаларды ұқыптылыққа және әдемілікке баулу.
- Өз жұмысының нәтижесіне қуана білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер мен құралдар
Музыкалық аспап түрлері, субояқ, губка, ақ парақ, сулы сүрткіш.
Сабақтың жүру барысы
Кіріспе
Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, амандасайық.
Шаттық шеңбер
Ал, кәнекей тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Аспаптарды алайық, Біз оркестр құрайық.
Ғажайып сәт
Есік қағылды. Балалар, тыңдаңдаршы — бір дыбыс естілген сияқты.
Қараңдаршы, бізге «Ботақан» тобынан сиқырлы қоржын жіберіпті. Қоржынды ашып көрейік, ішінде не бар екен?
Домбыра
Домбыраның дыбысын тыңдаймыз: ән айтылады, күй тартылады.
Дауылпаз (барабан)
Дауылпаздың үнін көбіне мерекелерде естиміз.
Сылдырмақ
Сылдырмақ оркестр құрамында ойналады.
Дидактикалық ойын: «Дыбысын ажырат»
Аспаптармен таныстық, енді олардың дыбысын ажыратып көреміз: мұғалім аспаптың үнін шығарады, балалар қай аспап екенін табады.
Сергіту сәті
1, 2, 3 — Демаламыз, жинап күш. Субояқты аламыз, Алақанды басамыз.
Шығармашылық жұмыс: алақанмен сурет салу
Енді алдарымыздағы ақ қағазға субояқпен алақанымызды әдемілеп бастырамыз.
Қауіпсіздік және ұқыптылық
- Бояуды губкамен жұқалап жағамыз.
- Қағазға алақанды жайлап басамыз.
- Қолды сулы сүрткішпен тазалаймыз.
Жарайсыңдар! Өте тамаша! Алақандарың қандай әдемі шықты!
Дидактикалық ойын: «Музыкалық аспаптарды құрастыр»
Балалар бөліктерден аспаптардың суретін құрастырып, атын атап береді (домбыра, дауылпаз, сылдырмақ).
Қорытынды сұрақтар
Сабақ сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы тыңдалады.
Қандай аспаптармен таныстық?
Домбыра, дауылпаз, сылдырмақ.
Ненің суретін салдық?
Алақанның суретін.
Автор туралы
Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасы.
I кіші топ тәрбиешісі: Ситкалиева Анаргүл Боранбаевна