Менің бейімділігім атты сынып сабағымызға хош келдіңіздер

Сынып сағаты: «Менің бейімділігім»

Бұл сынып сағаты оқушыларды бейімділік пен мамандық туралы негізгі ұғымдармен таныстырып, мамандықтар топтары мен таңдау тәсілдері жөніндегі түсінігін кеңейтуді мақсат етеді. Сабақ кәсіби бағдар беруге бағытталып, өзін-өзі тану аясын кеңейтуге және мамандықтар әлемі туралы пайдалы ақпарат ұсынуға көмектеседі.

Сабақтың мақсаты
Оқушылардың бейімділік, қабілет, икемділік және мамандық туралы білімін тереңдету; мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарауға ынталандыру; кәсіби бағдар беру.
Құралдар
Сауалнама нәтижелері, парақшалар.
Өтілу орны
Сынып бөлмесі.

Өтілу барысы

1) Кіріспе бөлім

Құрметті 3-сынып оқушылары, «Менің бейімділігім» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

Қаңтар айында мектепте кәсіптік бағдар беру айлығы өтіп жатқандықтан, бүгінгі сабақта осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғаймыз.

Бейімділік, қабілет, икемділік — мағынасы бір-біріне жақын ұғымдар. Енді осы сөздерге анықтама берейік.

Оқушы 1

Бейімділік — өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның белгілі бір әрекетке бет бұруы, сол әрекетті жасауға талпынысы.

Оқушы 2

Икемділік — адамның қандай да бір істі орындай алу қабілеті. Ол түрлі деңгейде көрінеді және білім мен тәжірибеге сүйенеді.

Білімі мен тәжірибесі мол адамның икемділігі де жоғары болады. Икемділік — білімнің іске айналуы, сол істі жүзеге асырудың тәсілі.

Ол адамның белгілі бір іс-әрекет түріне (сурет, музыка, өнер және т.б.) ұмтылысынан, қызығушылығынан байқалады. Икемділік бар жерде әрекетке деген ынта ғана емес, шеберлікті тез меңгеру және елеулі нәтижеге жету де көрінеді.

Икемділікте адамның табиғи әрі жүре қалыптасқан қасиеттері тоғысады; ол еңбек процесінде және тәрбие жағдайында дамиды.

Оқушы 3

Қабілет — адамның белгілі бір әрекет түрімен айналысуына мүмкіндік беретін, бейімділікте байқалатын қасиет.

Бейімділік пен қабілет көп жағдайда қатар жүреді: адамның бір іске қабілеттілігі оның бейімділігіне байланысты қалыптасады.

Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетке бет бұруы, оған қызығуы; оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен бірге, ол әрекеттің белгілі бір саласына (сурет, музыка және т.б.) әуестенушілікті білдіреді.

Бейімділікті бала бойында қандай да бір нышанның барын аңғартатын белгі деп те қарастыруға болады.

2) Негізгі бөлім

Төмендегі сөзжұмбақ сұрақтарына жауап берейік. Әр жауап — белгілі бір мамандықтың атауы.

  1. 1. «Мынау менің білгенім, ол — сыныптың анасы. Өзінің де, өзгенің де баласы — оның баласы». Қ. Мырзалиевтің өлеңінде кім туралы айтылады? Мұғалім
  2. 2. Ғарышқа ұшатын адам — Ғарышкер
  3. 3. Ауа райын болжайтын адам — Метеоролог
  4. 4. «Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жарқылдайтын» — Шаштараз
  5. 5. Біздің киімімізді кім тігеді? — Тігінші
  6. 6. «Адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан» — Дәрігер
  7. 7. Адамдарға зәулім үйлер салып беретін маман — Құрылысшы
  8. 8. Ұшақты басқаратын адам — Ұшқыш

Біз сөзжұмбақта 8 мамандықты атадық. Енді жасырынған 9-шы сөзді кім табады?

«Мамандық» ұғымы

Оқушы 4

Мамандық (орысша: «профессия») — латынның professio сөзінен шыққан, «анықталған іс» деген мағынаны білдіреді. Мамандық — адамның өмір сүру көзі болып табылатын және белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметі.

Оқушы 5

Мамандық таңдау — тағдыр таңдау. Кейін өкінбейтіндей, өз қабілетің мен бейімділігіңе сай кәсіп түрін таңдау өте жауапты әрі маңызды. Мамандық таңдауда әр адам өз қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне және қалауына сүйенуі керек.