Сүйікті балғын бала шақ
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ • Мектепалды даярлық тобы
Мұғалімі: Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Тақырыбы: Қош бол, даярлығым
Мақсаты
Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын ояту; Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулу; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі
Ертеңгілік.
Барысы
Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң-солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өлең жолдары
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Көрініс: Балалар ортаға шармен шығып, би билейді.
Алғыс айту сәті
1) Мейрамбек
Сізді біз сирек көреміз,
Құрметтеп сізді жүреміз.
Сыртымыздан жағдайды
Жасап жүр деп сенеміз.
Барлығы бірге: Ұлпаш Бисенқызына рақмет! (Гүл шоғын тапсырады.)
2) Аяулым
Сыныбымыз сәнді, кең,
Болды ыңғайлы, жай нағыз.
Бәрі үшін алдымен,
Сізге алғыс айтамыз.
Барлығы бірге: Найла Хамзинқызына рақмет! (Гүл шоғын тапсырады.)
3) Маулен
Тәрбие мен тәртіпті
Қатар алып жүресіз.
Сізден өнеге алып біз
Тура жолмен келеміз.
Барлығы бірге: Нүргүл Қайыржанқызына рақмет! (Гүл шоғын тапсырады.)
Осындай әсем, жарқыраған даярлық топтарының ашылуына үлкен үлес қосқан, жас ұрпаққа жанашыр мектебіміздің директоры Ұлпа Бисенқызын алғысымызбен ортаға шақырамыз.
Балалардың сабақтарының дұрыс өтуін, күнделікті келулерін бақылап жүретін оқу ісінің меңгерушісі Найла Хамзинқызын қошеметпен қарсы алайық.
Балаларымыздың болашағынан көп үміт күтіп, бірге қуанып, бірге күліп жүретін, бар шаруасын тастап жүгіріп жүретін оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Нүргүл Қайыржанқызын қошеметпен қарсы алайық.
Мерекелік құттықтау
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Балалардың осы мерекеге арнап жаттаған өлең жолдарын тыңдаңыздар. (Балалар өлең айтады.)
Білімді тексеру: сұрақ-жауап және тапсырмалар
«Алып келді жетелеп мына нұрлы сарайға, білім құйған бұл мектеп білім берген талайға» — енді балаларымыздың білімдерін тексеріп көрейік.
1-тапсырма: Дымбілмеске көмектес
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- ҚР-ның елбасы кім?
- ҚР-ның рәміздерін атаңдар.
- Біздің елордамыз қалай аталады?
- Сендер қандай қалада тұрасыңдар?
- Біз қандай тілде сөйлейміз?
- Жыл мезгілі нешеуге бөлінеді? Атап беріңдер.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі және өлі табиғатқа не жатады?
- Орыс, ағылшын тілдерінде әндер білесіңдер ме?
Орындау: Орыс әні — хор. Ағылшын әні — Батыргалиев Ақмәди.
2-тапсырма: Кім білгір?
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дыбыстарды атап шығыңдар.
- Мына сөздерді кім оқып береді?
- Осы сөздерді буынға бөліңдер.
- Қандай сергіту сәтін білеміз?
- 1-ден 20-ға дейін тура және кері санаңдар.
- Көршілерін атаңдар.
- Геометриялық пішіндерді атаңдар.
- Жетіспейтін пішінді тап.
- Есептерді шығар.
Әндер мен билер
Тілек
Сегіз қырлы, бір сырлы ұлдарымыз, сымбатты да сұлу қыздарымыз! Даярлықтан алыстап кетсеңдер де, алда білім теңізінің биік шыңдары күтіп тұр.
Ән
«Үйретеді мектебім» — хор орындайды.
Би: Испан биі
Орындайтындар: Інжу – Оралбек, Аяулым – Г. Бекзат, Аруна – Мақсат, Асем – Мансур.
Қойылым: «Сәруар» ертегісі
«Міне, мен де үлкен болдым, жасым толды алтыға. Кітаптағы ертегілерді енді оқимын шетінен…» — балалардың орындауында «Сәруар» ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.
Рөлдер
- Сәруар: Бақтияр
- Аю: Мейрамбек
- Түлкі: Ернұр
- Қасқыр: Рахман
- Қоян: Ақмәди
- Орман: Мансур
- Тау: Г. Бекзат
- Теңіз: Оралбек
- Үй: Мақсат
- Күшік: Б. Санжар
- Мысық: Ш. Бекзат
- Ата-анасы: Маулен – Салтанат
Жеке орындау
«Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй, көңілге түрлі ой салар; әнді сүйсең, менше сүй» — деп Абай атамыз айтқандай, кезекті әсем әнге береміз.
Ән: «Ұстазым» — Әлібек, Аяулым орындайды.
Ата-аналарға алғыс
«Ботақандай бөбек» деп еркелеткен ұл-қызын. Анамызды ерекше қуантамыз біз бүгін!
Әп-әдемі киіндіріп, құлпыртып әкелуіне бар үлесін қосқан, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген аналарымызға — барлығыңызға РАХМЕТ!
Ән
«Апам үшін»
Үнді биі
Орындайтындар: Салтанат, Асем, Анель, Аделя.
«Фексики» биі
Орындайтындар: тобымыздың ер балалары.
Папури биі
Орындайтындар: қазақ — Елсултан (Мирхат), орыс — Аделья (Інжу), өзбек — Адия (Камилла), татар — Мүсілім (Аяжан), корей — Асем (Аруна), украин — Ш. Бекзат (Дильназ), грузин — Қ. Санжар (Аиша).
Қорытынды бөлім
«Ән — көңілдің ажары, би — өмірдің базары» — деп, кезекті әнге береміз.
Ән: «Мектебім» — Баймұқан Салтанат орындайды.
Тілек
Сүйікті балғын бала шақ —
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Марапаттау
Балаларға дипломдар тапсырылады.
Ата-аналарға өтініш
Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертең ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу — сіздер мен біздердің ортақ міндетіміз.
Бүгін біз бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Балаларға сәт-сапар тілей отырып, ата-аналардан ақ бата сұраймыз.
Қысқаша бағдарлама
Шеру
Балалар шармен шығып, би билейді.
Сұрақ-жауап
Мемлекет, рәміздер, тіл, уақыт, табиғат.
Өнер
Әндер, испан/үнді/папури билері.
Қорытынды
Диплом табыстау, бата сұрау.