Сөзі мен әні

Концерттік бағдарлама әзірлемесі

«Арқаның асыл алқасы — Баянауыл» атты концерттік бағдарламаға арналған ресми жоспар және жүргізушілер мәтіні.

Күні

4 ақпан, 2013 жыл

Уақыты

Басталуы: нақты уақыт көрсетілмеген

Өтетін орны

Мәжіліс залы

Сахна: мерекеге сай безендіріледі. Жауапты: Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің ұстаздары.

Бағдарлама барысы

Кіріспе

  • Фанфар ойналады.
  • Жүргізушілер сахнаға шығады: Жәнібек, Аягөз.

Жәнібек

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Армысың, құт-береке дарыған ел,
Ақ сүтіне ананың жарыған ел.

Аягөз

Аяулы ұстаздар!

Тілі мен дінін насихаттап,
Кең байтақ әлем бүгін таныған ел.

Ұсыныс: «Арқаның асыл алқасы — Баянауыл» атты концерттік бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз!

Нөмір 1 — Арнау

Қайрат Нұрқанат

Арнау оқиды.

Жетістіктері

Республикалық Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы — Жамбыл» айтысы — II дәрежелі диплом.
Облыстық «Жас дәурен» оқушылар айтысы — II орын.
Облыстық «Жырла, Жас өркен» айтысы — II орын.
Облыстық «Көктем айтысы» (студенттер мен оқушылар) — II орын.
II облыстық «Махамбет оқулары» — III дәрежелі диплом.
«Кемеңгер Елбасы» облыстық ақындар айтысы — I орын.
«Балдаурен» оқушылар айтысы — Бас жүлде.

Нөмір 2 — Күй

Домбыра үні күмбірлеп,
Серпілтті мынау даланы.
Дәстүрім, салтым оралып,
Жазды ғой бітеу жараны.

Орындау

Домбырашылар ансамблі

Шығарма

Халық күйі «Кеңес»

Нөмір 3 — Ән

Көркейген бүгін біздің Баян қандай?
Жүз ғасыр кезегімен қаланғандай.
Бейне бір өлкеміздің шұрай айнасы,
Алдында Баян сұлу таралғандай.

Шығарма

«Бәйтерек»

Сөзі мен әні: Аман Баязитов

Орындаушы

Абдулхамит Нұрбота

«Балауса» аудандық байқауы — II орын

Нөмір 4 — Би «Қайың»

Сәукелеге үлпіл үкі тағылып,
Лағыл моншақ сәуле шашып жарқырып.
Жібек көйлек, нәзік саусақ, бұраң бел —
Осылайша би жарасар бірегей.

Орындайтындар

«Наз қоңыр» би ұжымы

Халықаралық би күніне арналған VI аймақтық «Ертіс толқыны» байқауы — III орын

Нөмір 5 — Халық әні «Япурай»

Ұлылардың мекенісің — Баяным,
Келбетіңе қалайша мен тоямын.
Анамдайсың, ардақтысың туған жер,
Балаң болып саған құшақ жаямын!

Орындаушы

Қайыр Лейла

«Күншуақ» халықаралық фестивалі — Бас жүлде.
Облыстық «Хрустальный звон» — II орын.
Облыстық Абай оқулары — II орын.

Нөмір 6 — Би «Наурыз»

Еркіндікті аңсап күткен арман жер,
Ел ұлдары елдік әнін салған жер.
Ақындар мен ғалымдардың мекені,
Ұлылардың кіндік қаны тамған жер.

Орындайтындар

«Наз қоңыр» би ұжымы

VI аймақтық «Ертіс толқыны» байқауы — III орын

Нөмір 7 — Ән «Тұлпарым»

Ежелден аңыз болған таулы Баян,
Баянның қасиеті алашқа аян.
Жерінің қасиеті сол емес пе?
Жаралған топырағынан талай ноян.

Орындаушы

Дәулетхан Нұр

Облыстық «Бүлдіршін» байқауы — лауреат

Нөмір 8 — Би «Қызғалдақтар»

Баянауыл — туған өлкем,
Өңіріңде өскен өркен.
Сенің жайсаң жеріңдегі —
Өмір көркем, көңіл көркем.

Орындайтындар

«Наз қоңыр» би ұжымы

VI аймақтық «Ертіс толқыны» байқауы — III орын

Нөмір 9 — Ән «Ақ тілек»

Құтты өлке, қасиетті, киелі —
Баян тауы Тәңірінің сыйы еді.
Қашаннан-ақ қыдыр дарып, бақ қонған,
Бұл өлкеге бар қазақ бас иеді!

Орындаушы

Шайхина Зарина

«Күншуақ» халықаралық фестивалі — I орын

Нөмір 10 — Қорытынды ән «Жаса, Қазақстан!»

Айналайын қазақ деген ұлтымнан,
Еркіндік ап ел болған еңселі.
Айналайын Баян ата жұртымнан,
Сүйіп өтем, жырлап өтем мен сені.

Орындаушы

Абдулхамит Нұрбота

«Балауса» аудандық байқауы — II орын

Жабылу

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламамыз аяқталды.

Жүргізушілер (бірге): Назарларыңызға рахмет!