Мынау діңі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- Білімдік аймағы
- Шығармашылық
- Бөлімі
- Жапсыру
- Тақырыбы
- Қысқы ағаш
- Бағыты
- Шығармашылық жұмыс және табиғатты тану
Мақсаты
Білімдік мақсат
Қысқы ағаштарды бұтағы мен діңіне қарап ажырата білуге үйрету. Ағаштар мен бұталарға қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылық мақсат
Жұлмалап қию әдісін меңгерту. Бейнені қағаз бетіне әдемі әрі үйлесімді орналастыру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
Қоршаған ортаның әдемілігін сезімталдықпен түсіне білуге тәрбиелеу, табиғатқа жанашырлықпен қарауды қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық-оятушылық
№10 «Жүрек жылуы»Далада күн суытқанымен, біздің жүрегіміз жылы мейірімге толы. Біз достарымыз бен жақын адамдарымызға өз жылуымызды бере аламыз.
Балалардың әрекеті
Балалар шеңберге тұрып, қыстың ерекшеліктерін еске түсіреді: алақандарын алдымен жүректеріне қойып, кейін жан-жаққа жайып, жылулық тілегін бөліседі.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Тәрбиешінің әрекеті
- Серуен кезінде не көргендерін сұрайды, ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аударады (бұтақтары мен бүрлерінің орналасуы, түсі).
- Сұрақ қояды: «Ағаш қандай бөліктерден тұрады?»
- Түсіндіреді: ағаштың жер астында өмір беретін тамыры болады; одан жоғары діңі өседі; діңінен жан-жаққа жіңішке әрі майысқақ бұтақтар таралады; бұтақтарынан жапырақтар мен өркендер өседі.
- Табиғаттағы барлық құбылыс өзара үндесіп, байланысып жататынын әңгімелейді.
- Сұрақ қояды: «Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?»
- Сұрақ қояды: «Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?»
- Түсіндіреді: серуен кезінде ағаш түбіне қарды үйіп қою керек (тамырын аяздан қорғау үшін).
- Қыс мезгіліндегі өзгешеліктер туралы әңгімелеседі: ағаштар қыста да тіршілігін тоқтатпайды.
- Тәжірибе ұйымдастырады: ағаш бұтағын суға салып, кейін бүр жарып келе жатқанын балалармен бірге бақылайды.
- Жұмыс барысын көрсетеді: қағазды жұлмалап және қайшымен қию тәсілдерімен ағаш пен бұтақтарды қиып, жапсыру.
Балалардың жауаптары мен әрекеті
Ағаштың бөліктері
Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы.
Ағаштың пайдасы
Сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады.
Табиғатқа қамқорлық
Ағаштарды сындыруға, жапырағын жұлуға болмайды.
Қыс көрінісі
Ағаштың бұтақтарын қырау басқан. Дала аппақ. Күн суық.
Шығармашылық жұмыс
Мақтадан қар мен аспан бөлшектерін дайындап, жұмыстың мазмұнын толықтырады. Тәжірибені бақылап, қорытынды жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекеті соңында балалар өз жұмыстарын қызықтап қарап, бір-біріне пікір айтып, бағалайды.
Дидактикалық ойын
«Тұқымына қарап ағашты тап»
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
Жыл мезгілінің ерекшеліктеріне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын біледі.
Білуі керек
Бейнені қағаз бетіне дұрыс әрі ұқыпты орналастыра алады.
Түсінеді
Табиғаттың әсемдігі мен тамаша көріністерін бағалап, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың маңызын түсінеді.