Екі таңбалы сан

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №7 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Математика пәні мұғалімі: Турсынова Орниса Турсыновна

Сабақтың тақырыбы: Көңілді математикалық пойыз

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
  • Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Білім алуға ынталандыру және бәсекеге баулу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Түрлі түсті геометриялық фигуралардың қималары Желім Шырпылар

Шараның кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталығының үшінші күнінде өтетін «Көңілді математикалық пойыз» сыныптан тыс шарасына қош келдіңіздер!

Бүгінгі математикалық сайысқа 5А және 5Б сыныптарынан келген білімді әрі ұшқыр ойлы оқушылардан құралған екі команда қатысады. Әр командада 6 оқушы бар.

Ендеше, сайысқа қатысатын командалармен танысайық: «Логика» және «Математика».

Ойын идеясы: математикалық саяхат

Маршрут

Бүгін біз математикалық пойызбен Жезқазғаннан Астанаға дейін саяхат жасаймыз. Жол бойында бірнеше қызықты бекеттен өтесіздер: «Эрудит», «Ребус», «Мозайка», «Сиқырлы шырпылар», «Санамақ», «Алғырлар».

Ережелер мен бағалау

  • Пойызға отыру үшін кассадан билет алу қажет.
  • Командаларға ауызша есептеу тапсырмалары беріледі, жауаптар жетонмен бағаланады.
  • Жауаптар бірден тексеріледі; нәтижеге қарай билеттер жұмсақ купе немесе плацкарт вагондарына беріледі.
  • Ұпай тең болған жағдайда, ойын соңында ең қолайлы вагонға ие болған команда жеңімпаз атанады.

Касса: ауызша есептеу тапсырмалары

  1. 1) Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?

    Жауабы: 2 сағат

  2. 2) Қосарлап жегілген ат-арбаға мініп, Жомарт 25 шақырым жүрді. Әр аты неше шақырым жүрді?

    Жауабы: 25 шақырым

  3. 3) 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет?

    Жауабы: 4 минут

  4. 4) Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?

    Жауабы: 5 бала (4 ұл, 1 қыз)

  5. 5) 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?

    Жауабы: екеуі тең

  6. 6) 8 Наурызда екі шеше мен екі қызына (әже, ана, қыз) 3 орамал сыйға тартылады. Бұл қалай?

    Жауабы: әжеге, шешеге, қызына — әрқайсысына 1 орамалдан

  7. 7) Түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?

    Жауабы: жоқ, өйткені ол да түн болады

  8. 8) Дорбада 10 асық бар. 10 бала бір-бірлеп алады. Сонда 1 асық дорбада қалады. Бұл қалай?

    Жауабы: бір бала асықты дорбасымен бірге алады

  9. 9) Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтайды. Сағат қоңырауын келесі күнгі 10-ға қояды. Қоңырау шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтайды?

    Жауабы: 1 сағат (қоңырау 10-да, яғни сол кеште шырылдайды)

  10. 10) Айдың және аптаның күндерін атамай, 5 күнді ретімен кім атап шыға алады?

    Жауабы: 15

Әділ қазылар алқасы нәтижені қорытындылайды.

«Эрудит» бекеті

Бұл бекетте оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

Көлденеңінен

  1. 1. Қосудың нәтижесі.
  2. 2. Екі таңбалы сан.

Тігінен

  1. 1. Бір таңбалы сан.
  2. 2. 81 – 81.
  3. 3. Белгісіз сан әріппен белгіленетін теңдік.