Сабақтың тақыры
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
Түсіндірмелі салалас
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Оқыту әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру
- Талдау
- Жинақтау
- Іздендіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Түсіндірмелі салалас туралы түсінік беру, оны салаластың басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, түсіндірмелі салаластың тыныс белгілерін меңгерту.
Дамытушылық
Өз бетінше шапшаң ойлау дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ана тілін қадірлеуге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Сыныпты екі топқа бөлу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, жарқын болашақтың иелері — сіздер. «Болашақ бүгіннен басталады» дейміз. Жаңа ғасыр азаматы рухы биік, саналы, тәртіпті, жауапкершілігі мықты, ақылды, білімді, талапты болуы керек.
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.— Абай
Олай болса, «ақыл сәулелері» ретінде тереңдік, өзбеттілік, еркіндік, шапшаңдық, айқындық ұғымдарын басшылыққа алып, «Болашақ қаласына» сапар шегейік.
2) Жаңа материалды игерту
Ақыл тереңдігін сынау
A) Түсіндіру: мұғалім жаңа материалды сызба арқылы түсіндіреді.