Ана тілі батыры
Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы
Тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығына орай — «Тарих ғасырлар куәсі». Бұл апталық — оқушылардың білімін тереңдетіп, шығармашылық қабілетін ашуға, ұжымдық жұмысқа баулуға арналған мазмұнды мереке.
Мақсаты
- Бастауыш сынып оқушыларының алған білімін тиянақтап, жетістіктерімен бөлісуіне және жаңалықтармен алмасуына жағдай жасау.
- Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге, ортақ мақсатқа жұмылуға баулу.
- Қазақ хандығының құрылуына қатысты тарихи оқиғаларды еске түсіріп, таным көкжиегін кеңейту.
- Білімді одан әрі жетілдіруге, ізденіске бағыттау.
- Тарихи ұлы тұлғалардың ерлігін насихаттап, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы: салтанатты ашылу көрінісі
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар салтанатты кешке сапқа тұрғызылып, театрландырылған диалог арқылы апталықтың мазмұны мен рухы ашылады.
1) Хан
Уа, халайық, халайық, бәріңе жар салайық!
Бүгінгі күн төрінде — дарындылар елінде.
Тапқыштардың тілінде есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешейік аңдысып!
2) Төле би
Шабыт тасып, шалқысып, есеппенен ән салысып.
Көңілді апта жасайық, жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай, бар өнерге басайық!
3) Қаз дауысты Қазыбек би
Асып әсте саспайық, батыл қадам бастайық!
Еркіңді билеп барынша, жарыста сірә қалыспа.
Кеш қызығын, ей, достар, осылайша шабытпен — кәне, енді бастайық!
4) Әйтеке би
Мұнда қызық табылады — жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар: сөзжұмбақ та, санжұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш-жұмбақ — о-о-ой, бір қызық апта болар,
Өздеріңмен мәнді де мазмұнды өтпек!
5) Хан
Барлықтарыңызды пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз!
Апталықта бәрі бар: ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар.
Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
Бүгін ең қызық әрі күрделі саналатын үш пәннің мектептегі «алыптарын» ортаға шақырайық.
Үш пәннің бейнесі: батырлардың таныстыруы
6) Дүниетану батыры
Табиғаттың бар байлығы — даламда,
Жер-Анаға жаттығы жоқ адамға.
Тамақ та, киім де, денсаулық та —
Бәрі-бәрі табиғаттың қолында.
Күтіңдер, баптаңдар, көбейтіңдер, көркейтңдер,
Үнемдесең — жетеді адам затына.
Барлығы мына менің қолымда:
Мен — дүниетану пәнімін.
7) Ана тілі батыры
Ана тілім — сыр шерткен,
Барлық пәнді үйреткен.
Ардақтап мен оқимын,
Ана тілін құрметпен.
Ана тілді білмесем — шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап, қазақ болып жүрмес ем.
8) Математика батыры
Терең ғылым — сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды деп оқимын
Математика сабағын.
Табиғаттың сыры бар, тарихты да ұғып ал:
Кемдігі жоқ бәрінің, пәндер аты қыруар.
Қорытынды тілек
9) Хан:
Мықты болсаң — алдағыны басып оз,
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң — заманыңды көктеп өт!
Осы игі тілекпен бастауыш пәндер апталығында оқушыларға — үлкен жеңіс, мұғалімдерге — толағай табыс тілейміз!