Өзара жай сандардың анықтамасын білу

Сабақтың мазмұны мен бағыты

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Натурал сандардың бөлінгіштігі. Сабақтың тақырыбы: ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), өзара жай сандар, ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ).

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 5.1.1.7 Ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарының анықтамаларын білу.
  • 5.1.1.8 Өзара жай сандардың анықтамасын білу.
  • 5.1.2.12 Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу.
  • 5.5.1.2 Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ ұғымдарын қолдану.

Сабақтың мақсаты

  1. ЕҮОБ, ЕКОЕ және өзара жай сандардың анықтамаларын біледі.
  2. Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табады.
  3. Мәтінді есептерде ЕҮОБ пен ЕКОЕ табу ережелерін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін табады.
  • Екі және одан да көп сандардың ЕКОЕ-ін табады.
  • Өзара жай сандарды ажыратады.
  • Мәтінді есептерде ЕҮОБ және ЕКОЕ табу ережелерін қолданады.

Тілдік мақсаттар және негізгі тіркестер

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ортақ бөлгіш ортақ еселік ЕҮОБ ЕКОЕ өзара жай сан

Диалог пен жазылымға арналған үлгі тіркестер

  • Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп … деп аталады.
  • ең кіші ортақ еселік деп аталады.
  • өзара жай сандар деп аталады.
  • Кез келген a және b натурал сандары үшін олардың … мен … көбейтіндісі сол сандардың … тең.

Құндылықтар, байланыстар және ресурстар

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, денсаулық, достық, айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, жаратылыстану, геометрия.

АКТ қолдану дағдысы

Презентация және мультимедиалық құралдар.

Алдыңғы білім

Жай сандар, құрама сандар, көбейткіштер.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

1) Психологиялық тренинг: «Көңілді күн»

3 минут

Оқушылар бір-біріне бір сөзден тұратын жақсы тілек айтады. Келесі оқушы алдыңғы тілек сөзінің соңғы әрпінен бастап жаңа тілек құрастырады.

Белсенді оқытуды күшейту: топқа бөлу

Өткен тақырып бойынша сандары бар кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар сандарды 2-ге, 3-ке, 5-ке еселік және 2-ге де, 3-ке де, 5-ке де еселік болуына қарай топтарға бөлінеді (мысалы: 4, 8, 14, 16, 9, 21, 30, ...).

1-топ

2-ге еселік сандар

2-топ

3-ке еселік сандар

3-топ

5-ке еселік сандар

4-топ

2-ге де, 3-ке де, 5-ке де еселік сандар

2) Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

Оқушылар үй тапсырмасының жауабын кезекпен айтады. Дұрыс жауаптарға сынып қол шапалақтау арқылы кері байланыс береді.

II. «Миға шабуыл»: «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

15 минут

Сынып 4 топқа бөлініп, әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау үшін «Т-кесте» арқылы кері байланыс ұйымдастырылады: «Түсіндім» және «Түсінгім келеді».

«Бірге ойлаймыз» стратегиясы

Сыныптағы белсенділігі төмен оқушыны сабаққа тарту үшін бағыттаушы сұрақтар қойылады: берілген санға еселік санды атау, санды жай көбейткіштерге жіктеу және т.б.

1-тапсырма: ЕҮОБ табу және анықтама шығару

№693 есеп. Берілген сандардың ЕҮОБ-ін табып, анықтамасын қорытып жазыңыз.

ЕҮОБ табу дескрипторы

  1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді.
  2. Жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазады.
  3. Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табады.

Анықтама

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

Берілген натурал сандардың ЕҮОБ-і сол сандардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

2-тапсырма: ЕКОЕ табу және анықтама шығару

№715 есеп. Төмендегі жұптар үшін ЕКОЕ-ін табыңыз:

  • ЕКОЕ (6; 8) = ?
  • ЕКОЕ (12; 20) = ?
  • ЕКОЕ (9; 15) = ?
  • ЕКОЕ (12; 15) = ?

ЕКОЕ табу дескрипторы

  1. Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктейді.
  2. Берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазады.
  3. Оны жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтырады.
  4. Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табады.

Анықтама

Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал сан сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп аталады.

3-тапсырма: ЕҮОБ және өзара жай сандар

Төмендегі жұптар үшін ЕҮОБ-ін табыңыз және қорытынды жасап, өзара жай сандардың анықтамасын жазыңыз:

  • ЕҮОБ (7; 11) = ?
  • ЕҮОБ (8; 15) = ?
  • ЕҮОБ (4; 19) = ?

Дескриптор

  1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді.
  2. Жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазады.

Анықтама

1-ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.