ҚұрамыҰн - 450 гр
Қытырлақ қамырдан алма бәліші
Жеңіл, хош иісті әрі әдемі өріммен безендірілетін алма бәлішінің рецепті. Қамыры қытырлақ, салмасы жұмсақ әрі шырынды болып піседі.
Қысқаша кеңес
- Сары май міндетті түрде салқын болуы керек — сонда қамыр қабатталып, қытырлақ шығады.
- Қамырды тоңазытқышта тынықтыру — пішінін жақсы ұстап, жайғанда жыртылмауына көмектеседі.
Құрамы (қамыр үшін)
- Ұн450 г
- Тұз1 шай қасық
- Сары май300 г
- Мұздай су100–150 мл
Құрамы (салма үшін)
- Алма800 г
- Қант150–180 г
- Ұн30 г
- Сары май50 г
- Лимон сөлі1 шай қасық
Қаласаңыз, салмаға аздап даршын қосуға болады — алма дәмін ерекше ашады.
Дайындау жолы
-
1
Ұнды електен өткізіңіз. Тоңазытқыштағы салқын сары майды ұсақтап турап, ұнмен жақсылап араластырыңыз.
Қоспа ұнтақталып, май түйіршіктері аздап сезіліп тұрса — дәл сол керек.
-
2
Тұз қосып, мұздай суды біртіндеп құя отырып қамыр илеңіз.
Суды бірден түгел қоспаңыз: ұнның ылғал тартуы әртүрлі болуы мүмкін.
-
3
Дайын қамырды екіге бөліңіз: бір бөлігі үлкенірек, екіншісі кішірек болсын. Екеуін де целлофанға орап, тоңазытқышқа салыңыз.
-
4
Салманы дайындаңыз: алманы жуып, тазалап, құрғатыңыз. Қабығын аршып, жұқалап тураңыз.
-
5
Туралған алмаға қант, ұн, сары май және лимон сөлін қосыңыз. Жай отта 3–4 минут, қант ерігенше ғана қыздырып алыңыз.
Ұзақ қайнатпаңыз — алма тым жұмсарып кетпеуі керек.
-
6
Қамырдың үлкен бөлігін тоңазытқыштан шығарып, қалыңдығын шамамен 3 мм етіп жайыңыз. Жайылған қамырды қалыпқа салып, артық жерін кесіп тастаңыз.
-
7
Дайын салманы қамырдың үстіне біркелкі етіп салыңыз.
-
8
Қамырдың екінші бөлігін де 3 мм қалыңдықта жайып, ұзынша жолақтарға кесіңіз. Жолақтарды салманың үстіне тор (сетка) секілді өріп орналастырыңыз.
-
9
Бетіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз. 200°C-қа алдын ала қыздырылған пеште 40–50 минут пісіріңіз.
Дәмді болсын!
Дайындаған: Асыл