Ауаның қасиеті

Сабақтың тақырыбы

Ауа. Ауаның қасиеттері. Ауаның маңызы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ауа туралы ұғым қалыптастыру.
  • Ауаның негізгі қасиеттерін меңгерту.
  • Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылық

Тәжірибелер орындау арқылы оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

Әдістері мен сабақ форматы

Қолданылатын әдістер

  • Лабораториялық әдіс
  • Тест арқылы бағамдау
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгертуге арналған блокты сабақ.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекіліктер

  • 3 қатарға арналған 3 түрлі тапсырма
  • Тест тапсырмалары
  • Гербарийлер
  • Ребус (жуа, алма)

Тәжірибе құралдары

  • Стакан, су, қант
  • Шарлар, доп
  • Шырпы, шырақ, банка және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, құралдарын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: жергілікті жердің сұлбасы немесе өзің тұратын жердің сұлбасы.

I қатар

Әңгіме бойынша өз ойларын айту.

II қатар

Партаның үстіндегі заттардың сұлбасын сызу.

III қатар

Өзеннің немесе жолдың шартты белгілерін (өз тұратын жеріне сай) салу.

Мұғалім жұмыстарды аралап тексереді.

III. Тест ойыны

4 сұрақ беріледі. Оқушылардың қолында 1, 2, 3 сандары жазылған карточкалар болады. Дұрыс жауапты таңдаған кезде тиісті санды көтереді. Мұғалім жауаптардың дұрыстығын қадағалайды.

1 2 3

IV. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу: ауа, оның қасиеттері және маңызы.

V. Сарамандық жұмыс (тәжірибелер)

1) Тыныс алудың маңызы

Аузыңды жауып, танауыңды қысып, сана. Не байқайсың? Тұншығу сезіледі. Қорытынды: адамға ауа қажет.

2) Ауаның сезілуі

Ыстықтап терлегенде желпін. Не сезесің? Қорытынды: ауа қозғалғанда сезіледі.

3) Ауа бізді қоршап тұрады

Екі қолыңды екі жаққа созып, суда жүзіп көргендей қимыл жаса. «Сендер ауада жүрсіңдер ме?» — жоқ. Қорытынды: біз ауа мұхитында өмір сүріп жүрміз, ауа бізді қоршап тұрады.

«Ауаны көрдіңдер ме?» — жоқ. Неге? Өйткені ауа түссіз.

4) Шар үрлеу

I қатар

Қызыл шар

II қатар

Көк шар

III қатар

Сары шар

«Шардың ішіне не толды?» — ауа. «Шар неге тырсыйды?» — ауа орын алады. «Ауа шарға қайдан келді?» — оны біз үрлегенде ауыздан кіргіздік.

5) Доптың серпімділігі

Допты екі бүйірінен қысып көр. Жібергенде доп қайта қалпына келеді. Қорытынды: ауа серпімділік қасиетін көрсетеді.

6) Судағы ауа көпіршіктері

Екі оқушыға суы бар екі стакан беріледі. Суға қант салып, бақылаңдар: қанттан көпіршіктер бөлінеді. Бұл — ауа көпіршіктері. Қорытынды: көптеген заттардың құрамында ауа болады.

Үй тапсырмасы

  • «Ауа. Ауаның қасиеттері. Ауаның маңызы» тақырыбы бойынша түсінік айту.
  • 32-беттегі тәжірибені үйде орындау.
  • 35-беттегі суретті дәптерге салу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы «жапырақ» арқылы бағаланады және бағалар күнделікке қойылады.

5 жапырақ

«5»

4 жапырақ

«4»

3 жапырақ

«3»

Сабақ қорытындыланып, аяқталады.