Масштаб құралы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Графикалық редактордың командалары мен құралдарын жүйелеу, сурет үзінділерін белгілеу және үзінділермен орындалатын жұмыс түрлерін қорытындылау.
Дамытушылық
Тақырып бойынша алған білімді тапсырмалар орындауда қолдану, мақсатқа жетуге дағдылану, өз бетінше жұмыс істеу мен логикалық ойлауды дамыту.
Тәрбиелік
Компьютерлік сауаттылықты арттыру, ұлттық тағылымды бейнелеу арқылы көркем талғам қалыптастыру және қоршаған ортадан көргенді шығармашылықпен жеткізуге үйрету.
Сабақтың құрылымы мен уақыты
Негізгі кезеңдер
- I Ұйымдастыру кезеңі — 3 минут
- II Үй тапсырмасын тексеру — 2 минут
- III Жаңа білімді бекіту — негізгі бөлім
Жаңа білімді бекіту (жоспар)
- Мақсатты айту 1 мин
- Ою-өрнекпен таныстыру 3 мин
- Тест тапсырмасы 7 мин
- Таратпа материал: ою алгоритмі 10 мин
- Сергіту сәті 2 мин
- Таратпа материал: ою алгоритмі (жалғасы) 10 мин
- Қорытындылау 3 мин
- Бағалау 2 мин
- Үй тапсырмасы 1 мин
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабақты бастамас бұрын орнымыздан тұрып, жақсы көңіл күйге бейімделейік:
Басымызды иеміз,
Сәттілікті тілейміз!
Бәрімізге — біріміз,
Көмектесіп жүреміз!
Қадірменді қонақты құрметпен қарсы аламыз!
Ұстазды сыйлап, тәрбиелі боламыз!
Үй тапсырмасын тексеру: «Құсқанат» ою-өрнегі
Тапсырма
Үйге «Құсқанат» атты ою-өрнегін қағаз бетіне түсіріп келу және оған қысқаша сипаттама беру тапсырылды.
Сипаттама
«Құсқанат» ою-өрнегі мүйіз оюымен немесе шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанатына ұқсас өрнек. Көбіне бұйымдарды әшекейлеуде қолданылады және қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде бұл өрнек басқа өрнектермен араластыра қолданыла береді.
Бағалау өлшемі
Дұрыс жауап үшін 1 асық беріледі (ол 1 балл болып есептеледі).
Қайталау сұрақтары
- Paint қандай редактор?
- Paint-та суретті қалай ашамыз?
- Суретті қалай сақтаймыз?
- Суретті «ерекшелеу» дегенімізді қалай түсінеміз?
Жаңа білімді бекіту: негізгі идея
Сабақтың мақсаты
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты — салт-дәстүрімізге байланысты қазақ халқының ою-өрнектерін компьютерде, Paint графикалық редакторында бейнелеу.
Ою-өрнек туралы қысқаша мәлімет
«Өрнек» атауы латынның ornamentum — «әшекей» деген сөзінен шыққан. Ою-өрнек — белгілі бір заңдылыққа бағынған ырғақпен орындалатын, қисық сызықтар мен геометриялық пішіндерді белгілі тәсілмен үйлестіру арқылы алынатын түрлі түсті әшекей.
Ою түрлерін салуды жетік меңгеру үшін тек техника мен әдістемені білу жеткіліксіз. Үнемі тәжірибе жинап, үздіксіз жаттығу жасау қажет. Сонда ғана шеберлік қалыптасып, ойлаған мақсатқа жетуге болады.
Тест тапсырмасы
Тест Paint құралдарын, пернелер қызметін және негізгі ұғымдарды қайталауға арналған.
Сұрақтар
-
«Ерікті аумақты белгілеу» құралы қандай қызмет атқарады?
A. Ерікті аумақты белгілеуB. БелгілеуC. Түс таңдау
-
Үлкен және кіші әріптерді енгізу пернесі:
A. CtrlB. Caps LockC. Insert
-
Дұрыс жауабын таңда:
A. Бүріккіш (Распылитель)B. Белгілеу (Выделение)C. Масштаб құралы
-
Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
A. Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандарттық → PaintB. Бастау → Стандарттық → PaintC. Менің құжаттарым → Менің суреттерім → Paint
-
Қандай құрал көрсетілген?
A. Масштаб құралыB. Ерікті аумақты белгілеуC. Өшіргіш (Ластик)
-
Бір байт неден тұрады?
A. 32 битB. 8 битC. 16 бит
-
Құралдың қызметін белгіле:
A. Құю (Заливка) — тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйдыB. Түс таңдау (Выбор цветов) — кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертедіC. Ерікті аумақты белгілеу
-
Функционал пернелер:
A. Enter, Esc, TabB. Ctrl, Alt, BackspaceC. F1, F2 … F12
-
Құралдың қызметін таңда:
A. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш — дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік бередіB. Эллипс — шеңбер және эллипс салуға арналғанC. Көпбұрыш — ерікті пішінді көпбұрыштар салады
-
«Paint» сөзі ағылшын тілінен аударғанда:
A. ЖобалауB. Оқу, кітапC. Сурет, сурет салу
Бағалау шкаласы (асықпен)
- 3 асық — 9–10 жауап дұрыс
- 2 асық — 7–8 жауап дұрыс
- 1 асық — 6–7 жауап дұрыс
Тәжірибелік бөлім: ою-өрнек құрастыру алгоритмі
Қажетті құралдар
- Қисық сызық
- Шеңбер
- Түзу сызық
- Құю (заливка)
- Белгілеу
- Өшіргіш (ластик)
Қадамдар
- 1) Paint-ты іске қосу: Пуск → Программы → Стандартные → Paint.
- 2) Қисық сызық пен шеңбер құралдарының көмегімен өрнектің негізгі бірінші бөлігін салыңыз.
- 3) Түзу сызықты пайдаланып, бірінші бөлікті нақтылап аяқтаңыз.
- 4) Сол тәсілмен өрнектің маңызды екінші бөлігін салыңыз.
- 5) Түзу сызықпен өрнектің соңғы бөлігін толықтырыңыз.
- 6) Дайын бөлікті үзінді ретінде белгілеп, Рисунок → Отразить/Повернуть → Отразить слева направо командасы арқылы айнадай көшірмесін жасаңыз.
- 7) Екі жарты өрнекті біріктіріңіз.
- 8) Артық сызықтарды өшіргішпен өшіріп, қажетті оюды құрастырыңыз.
- 9) Құю құралымен дайын оюды қалаған түске бояңыз.
Қорытынды ой
Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен»
Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, рухани әрі материалдық құндылыққа айналды. Бүгінгі таңда ол қайта жаңғырып, мазмұны байып, жаңа түрлермен толығып, өнер саласында жоғары деңгейде дамып келеді. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың жинаған асықтарының жиынтығы бойынша бағаланады (2 минут).
Үйге тапсырма
§17, 141-бет: B және C деңгейлі тапсырмаларды орындау (1 минут).