Жаңылтпаш айтқызу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, №3 Қабанбай орта мектебі (мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген сабақ жоспары.
Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: бастауыш
Мұғалім: Нусипова Анар Махсатовна
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларды І дыбысы мен әрпімен таныстырып, оқу дағдыларын және танымдық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық
Тақырыпқа қызығушылық оятып, мақсатты түсініп, оны іс жүзінде орындауға бағыттау.
Тәрбиелік
Өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен оқыту тәсілі
Көрнекіліктер
- Дидактикалық материалдар
- Бүктемелер, кестелер
- Сөйлейтін әліппе
Оқыту әдісі
Қызығушылықты ояту тәсілі арқылы жаңа дыбысты таныстыру және бекіту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу
- Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасы және өткенді қайталау
Сұрақ-жауап
- «К» дыбысы қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде жазылады?
Мәтінмен жұмыс
«Кеме» мәтінін тізбектей оқыту, 1–2 оқушыға мазмұнын айтқызу.
Сөздік жұмыс
Оқушылардың үйден дайындап келген «к» дыбысына қатысты сөздерін айтқызу, сол сөздермен сөйлем құрату.
«Кеме», «кесе», «мереке», «береке» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті
Жоғары қарап ай көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға-солға бұрылып, Егеменді ел көрдім!
III. Жаңа сабақ: «І» дыбысы мен әрпі
Бүгін оқушылар І дыбысымен танысады: хормен дыбыстату арқылы оның айтылуына және ерекшелігіне назар аударылады.
Жұмбақ
Інде бар, Аңда жоқ. Пілде бар, Қойда жоқ.
Жауабы: І дыбысы
Құрамында «і» дыбысы бар суреттер көрсетіліп, «ішік», «ілгіш» сөздерінен дыбысты бөліп айту жұмысы жүргізіледі.
«Сөйлейтін әліппемен» жұмыс: І дыбысының жіңішке айтылатынына ерекше назар аударту.
Әріп таңбасымен таныстыру:
- Баспа түрі
- Іі
- Жазбаша түрі
- Іі
Мақал-мәтелдер және талдау
- Бірлік түбі – тірлік.
- Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
- Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен.
«Бұл кім?» сұрағына жауап беретін мәтінді жұппен оқыту.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу: ауыр – жеңіл, аласа – биік, қара – ақ т.б.
IV. Сабақты бекіту
Тақтамен жұмыс: сөйлем құрастыру және жазу
- Асан тісін тазалады.
- Іңкәр ілгішке киім ілді.
Сөздік диктант
V. Қорытындылау
Қайталау сұрақтары
- Бүгін қандай дыбыс пен әріппен таныстық?
- «І» қандай дыбыс?
Жаңылтпаш
Үш ішік, Піштім кеше. Кіші ішік, Піштім кеше.
VI. Мадақтау
Сабаққа белсенді әрі жан-жақты қатысқан оқушылар мадақталады.
1, 2, 3 — дем аламыз, жинап күш. 5-тік баға аламыз, Қуанып үйге барамыз.