Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыр

Сабақ тақырыбы: «Көктем қарбаласы»

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

СТО (сын тұрғысынан ойлау стратегиялары)

Көрнекіліктер

Табиғат көріністері бейнеленген плакаттар, оқулық.

Сабақ мақсаты

  1. Өлі табиғаттағы көктемгі өзгерістердің тірі табиғатқа әсерін түсіндіру; жануарлар тіршілігінде елеулі өзгерістер болатынын ұғындыру.
  2. Табиғатты аялауға, қорғауға, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  3. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылығын дамыту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық: «Менің тілегім»

Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді. Мысалдар:

  • «Мен өзіме бақыт тілеймін. Сіздерге де соны тілеймін!»
  • «Мен бүгінгі күнімнің сәтті өтуін тілеймін. Сіздерге де соны тілеймін!»

2) Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша тексеріледі (3–4 оқушыдан сұралады).

Пысықтау сұрақтары

  • Киіктің лағын қалай атайды?
  • Құралайдың түсі қандай?
  • Құралайдың жауларын ата.
  • «Құралайдың көзіндей» тіркесінің мағынасын түсіндір.

3) Жаңа материалды меңгерту

А) Құрастыру (мозаика)

Қиындылардан сурет құрастырылады.

  • Суреттен нені байқадық?
  • Бұл қай мезгілдің бейнесі?

Ә) Топтау

«Көктем» сөзін естігенде ойыңа не келеді? Қандай көрініс елестейді, қандай иіс сезіледі?

Қар ериді Күн жылынады Аю ұйқыдан оянады Ағаштар бүр жарады Малдар төлдейді Құстар туған жерге оралады Бунақденелілер тіріледі Бәйшешек шығады

Бүгінгі жаңа тақырып: «Көктем қарбаласы» (тақырыпша: «Көктемде малды күтіп-бағу»). Бұл сабақта өлі табиғаттағы көктемгі өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы әңгімелейміз.

«Қарбалас» сөзі жанталас, асығу, тіршілік қамы деген мағынаны білдіреді.

Б) Мағынаны тану

  • Мәтінді мұғалім дауыстап оқиды.
  • «Түртіп алу» тәсілі арқылы негізгі ойлар белгіленеді.
  • Сөздік жұмыс: «тапшы» — сирек, аз.

В) Ақпарат алмастыру (талдау, жинақтау)

Көктемде аңдардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Аңдар үшін көктемнің қуанышы мен қиындығы неде?

Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыр.

Ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Есіңде болсын

Көктем — тіршіліктің жанданатын, бірақ қорек іздеу мен төлдеу кезеңі қатар келетіндіктен, жануарлар үшін жауапты уақыт.

Сергіту сәті

Былтырғы көктерек Көгерді, құлпырды. Құлпырды, құлпырды, Жоғары ұмтылды.

Г) РАФТ стратегиясы

Рөл

Жануарлар

Аудитория

Оқушылар, мұғалімдер

Форма

Сурет, әңгіме, шағым, арыз

Тақырып

«Көктем қарбаласы»

Оқушылар жануарлар тіршілігін сурет арқылы немесе әңгіме, шағым, арыз түрінде жеткізеді. Жұмыстар тыңдалып, талқыланады.

Қорытынды: «Екі жақты күнделік» (Иә / Жоқ)

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын белгіле.

Тұжырым Иә Жоқ
1. Көктемнің басында аю қонжықтарын ертіп, апаннан шығады.
2. Қой — тақ тұяқты мал.
3. Көктемде қорек тапшы болады.
4. Сауысқан — жыл құсы.
5. Көктемде сүтқоректілер төлдейді.
6. Ешкі қоздайды.
7. Аю илеуін бұзып, құмырсқа жейді.
8. Дельфин — сүтқоректі.
9. Түлкінің баласын «Жаутаң» дейді. (дұрысы: мыршай, жәутік)

Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

95–97-беттер, 3–4-тапсырмалар.

Сабақты аяқтау

Бүгінгі сабақта есту, көру, жазу және қимыл әрекеттерін орындағанымыз үшін өз ағзамызға алғыс айтып, қол соғамыз: 1, 2, 3.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!