Қайырлы таң
Сабақ тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат»
Бұл сабақта балалар күз мезгілі туралы білімдерін пысықтап, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылау арқылы түсінеді. Сонымен бірге «өлі табиғат» пен «тірі табиғат» ұғымдарын ажыратып, жыл мезгіліне байланысты жәндіктердің, құстардың, аңдардың және өсімдіктердің өмір сүруге қалай бейімделетінін талқылайды.
Негізгі мақсаттар
- Күз мезгілі туралы білімді бекіту және табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру.
- Өлі және тірі табиғатты ажырату, мысалдар келтіру.
- Құстар, жәндіктер, аңдар мен өсімдіктердің маусымға сай бейімделуін түсіндіру.
- Бақылау дағдыларын дамыту, күзгі табиғаттың әсемдігін сезінуге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Табиғаттың адам өміріндегі пайдасын түсіндіру және балалардың тілін дамыту.
Керекті құралдар
- Орман көрінісі (безендіру үшін)
- Қоян бейнесі (кейіпкер)
- Жолдағы кедергілер: су, тас, үңгір
- Гүлдер, кепкен жапырақтар
- Желім, қылқалам, шүберек
- Күй таспа (әуен)
Сөздік жұмыс
Бұл сөздер сабақ бойы балалардың сөйлеу тілін байытып, күз көріністерін сипаттауға көмектеседі.
Сабақтың барысы
I бөлім — Ұйымдастыру сәті
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші көңіл күйді көтеріп, сабаққа бағыт береді.
Тәрбиеші:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн.
Сұрақ: Таңертең бір-бірімізге не деп айтамыз?
Балалар: «Қайырлы таң!»
Жаттығу: Бір-бірімізге жылы сөз айтайық.
«Қайырлы таң, Адия!»
«Қайырлы таң, Тимур!»
«Қайырлы таң, балалар!»
«Қайырлы таң, апай!»
«Қайырлы таң, қонақтар!»
«Тілек шоғы» — жылы тілек айту
Көңіліміз көтеріңкі болу үшін, қолымыздағы гүлдерден тілек шоғын жасаймыз.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Денсаулық болсын!
- Достық болсын!
- Нан көп болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
Қызығушылық ояту — Қоянның шақыруы
Қоян: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсіз бе!»
Қоян: «Сендерді күзгі орманға саяхатқа шақырдым. Барасыңдар ма?»
Балалар: «Иә, барамыз!»
Қоян: «Жолда түрлі кедергілер кездеседі, абай болыңдар!»
Саяхат ережелері
- Бір-бірімізден қалмаймыз.
- Орманда айқайламаймыз.
- Ағаштың бұтағын сындырмаймыз.
- Құстың ұясын бұзбаймыз.
- Орманды ластамаймыз.
- От жақпаймыз.
II бөлім — Орманға саяхат
Балалар жолдағы кедергілерден өтіп, күзгі орманға жетеді.
Кедергі 1
Судан өту
Балалар бір-біріне көмектесіп, қауіпсіз өтеді.
Кедергі 2
Көпірден өту
Тепе-теңдікті сақтап, асықпай өтеді.
Кедергі 3
Үңгірден өту
Топпен бірге, тыныш және мұқият қозғалады.
Қоян: «Қош келдіңдер! Мынау — менің қысқа дайындап қойған жылы үйім».
Сұрақ: Қазір қай мезгіл?
Балалар: «Күз мезгілі»
Сұрақ: Ал енді қай мезгіл жақындап келеді?
Балалар: «Қыс мезгілі»
Тапсырма: Күз айларын атау (қыркүйек, қазан, қараша) және ағаштағы сирек қалған жапырақтардың түстерін сипаттау.
Тіл дамыту тапсырмалары
- Табиғат туралы мақал-мәтел айту
- Жаңылтпаш айту
- Жұмбақ шешу
- Тақпақ айту
Бақылау жұмысы
Бұтақта отырған құстарды атап, олардың қыстап қалатынын немесе жылы жаққа ұшатынын анықтау.
Балалар құстарды байқап, табиғаттағы өзгерістерді сөзбен жеткізеді.
Қоян: «Сендер өте көп тақпақ, мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Сондықтан сендерге сыйлық дайындап қойдым».
Қоян балаларға себет толы шырша тұқымдарын сыйлайды.
Тәрбиеші: «Қоян, саған көп рақмет! Енді балалар саған арнап күзгі жапырақтардан кілемше жапсырып береді».
III бөлім — Қорытынды
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар мен қорытындылау.
Қайталау сұрақтары
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді? Олар қандай?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Нәтиже
Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып, тірі және өлі табиғатты ажыратады, құстар мен жануарлардың маусымға сай тіршілігін түсіндіреді. Сабақ соңында белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Тәрбиелік қорытынды
Табиғат — ортақ байлық. Оны қорғау: қоқыс тастамау, ағашты сындырмау, құстың ұясын бұзбау, орманда от жақпау сияқты қарапайым әрекеттерден басталады.