Атом - бөлінбейтін кішкентай бөлшек

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Атом-молекулалық ілім

Сабақтың түрі

Кіріктірілген

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Ізденіс
  • Есеп шығару
  • АКТ
  • СТО

Пәнаралық байланыс

Химия, физика, математика

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, электрондық оқулық, кестелер (таблицалар).

Мақсаттар

Білімділік

Атом-молекулалық ілім туралы білімді меңгерту, жаңа мәліметтер арқылы ғылыми, шынайы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Бағыт-бағдар бере отырып, оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; шығармашылық қабілетін дамыту; пәнге қызығушылығын ояту; сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

  1. Ой қозғау
  2. «Сандарды сөйлетейік» ойыны
  3. Семантикалық карта толтыру

II. Жаңа сабақ

  1. Мағынаны ашу
  2. Электрондық оқулықпен жұмыс (физика және химия пәні мұғалімдерімен)
  3. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
  4. «Есептей білсең, есің түгелденеді»
  5. Тест және диктант

III. Қорытындылау

Атом-молекулалық ілім бойынша тірек-сызба арқылы бекіту.

IV. Бағалау

Оқушылардың жұмыстары мен белсенділігі бойынша бағалау.

V. Үй тапсырмасы

§17, №65, 66, 67.

Ой қозғау: бастапқы сұрақтар

1) Зат массасының сақталу заңы

«Зат массасының сақталу заңы» дегеніміз не?

2) Жану кезіндегі масса өзгерісі

Ағаш жанғаннан кейін аз ғана күл қалады. Неліктен ағаштың массасы күлдің массасына тең емес? Қалған өнімдер қайда кетті?

3) Химиялық теңдеу

Химиялық теңдеу дегеніміз не?

Семантикалық карта

Берілген зат атауларын олардың формулаларымен сәйкестендіріңіз.

Зат Формула
Су H2O
Алтын Au
Күміс Ag
Оттегі O
Ас тұзы NaCl

Мағынаны ашу: негізгі ұғымдар

Зат, атом, молекула

Атом сөзі грек тілінен аударғанда «бөлінбейтін» деген мағына береді. Атом — заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.

Молекула — заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек. Физика курсынан молекулалардың атомдардан құралатынын білесіздер.

Жай және күрделі заттар

Жай зат бір ғана химиялық элемент атомдарынан тұрады, ал күрделі зат екі немесе одан да көп элемент атомдарының қосылуынан түзіледі. Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек — оның молекуласы.

Физика пәні мұғалімінің түсіндірмесі

Атом — өте кішкентай бөлшек. Ол элементар бөлшектердің жиынынан тұрады: электрон, протон, нейтрон.

Электрон ядроны айнала қозғалып, атомның электрондық қабатшаларын түзеді. Табиғатта 92 табиғи элемент кездеседі; олар ядродағы протон санына қарай ерекшеленеді.

Химия пәні мұғалімінің түсіндірмесі

Молекула бірнеше атомның байланысуынан түзіледі және заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек болып саналады.

Су молекуласының құрылысы электрондық оқулықтағы бейнематериал арқылы көрсетіледі.

Бір элемент, әртүрлі қасиет

Бір ғана элемент атомдарынан қасиеті мүлде әртүрлі заттар түзілуі мүмкін. Мысалы, жұмсақ графит пен өте қатты алмас — екеуі де көміртегі атомдарынан тұрады.

Молекула өлшемін бағалау (формула арқылы)

Негізгі қатынас

d = V / S

  • d — диаметр
  • V — көлем
  • S — аудан

Берілгендер

  • m = 18 г (су)
  • Суда 6 × 1023 молекула бар

Молекулалардың үздіксіз қозғалысы және диффузия

Тәжірибе арқылы түсіндіру

Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс купоросының ерітіндісін құйып, үстіне таза суды жайлап құямыз. Бірнеше күннен кейін сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылып, ыдыста біртекті ерітінді түзіледі.

Бұл құбылыс сұйықтық молекулаларының үздіксіз қозғалыста болатынын көрсетеді.

Диффузия ұғымы

Бір зат молекулаларының екінші зат молекулаларымен өзара кірігуі диффузия деп аталады. Газдарда диффузия араластыру барысында өте жылдам жүреді (электрондық оқулықтағы бейнематериалмен көрсетіледі).

Диффузияның маңызы

Диффузия адамның, жануарлардың және өсімдіктердің тіршілік әрекетінде маңызды рөл атқарады. Мысалы, оттегі диффузияның арқасында өкпеден қанға өтеді, ал қан арқылы ұлпаларға таралады.

Оқулықпен жұмыс

Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын талдау және тірек-сызба арқылы жинақтау.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Атом-молекулалық ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы дайындалған хабарламалар слайд арқылы ұсынылады.

«Есептей білсең, есің түгелденеді»

Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: I — X, II — Y, III — Z. Әр топқа есептер ұсынылады.

Бекіту: тест және диктант

Тест сұрақтары

  1. Атомды құрайтын бөлшектер:
    A) ядро
    B) молекула
    C) электрон, протон, нейтрон
  2. Су молекуласының құрамы:
    A) үш атомнан
    B) екі атомнан
    C) бір атомнан
  3. Денелер неден құралады?
    A) заттан
    B) молекуладан
    C) атомнан
  4. Молекулалардың өзгеріске ұшырап, бұзылуы:
    A) физикалық құбылыс
    B) химиялық құбылыс
  5. Атом-молекулалық ілімді дамытып, оны тұңғыш рет химияға қолданған орыс ғалымы:
    A) Д. В. Менделеев
    B) М. В. Ломоносов
    C) Д. Дальтон

Диктант тапсырмасы

«Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыз:

  1. Су ... құрамына оттек және сутек ... кіреді.
  2. Ауаның құрамында азот және оттек ... бар.
  3. Хлордың ... массасы оның ... массасынан екі есе ауыр.
  4. Адам және жануарлар тыныс алғанда оттек ... пайдаланылады.
  5. Қатты қыздырғанда су ... сутек пен оттек ... ыдырайды.

Қорытынды ой

«Физиктер, әсіресе химиктер, көрінбейтін кіші бөлшектердің құрылысын білмейінше, қараңғыда сипалап жүргендей болады».

М. В. Ломоносов

Негізгі түйін

Химиялық реакциялар атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндірілгеннен кейін ғана химия нақты ғылым ретінде қалыптасты.