Жазушының Қамар сұлу романына шолу
Оқырмандар конференциясы: «Қамар сұлу» романы (8–10 сынып)
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылатын әдеби кездесу.
Мақсаты
- Жалындаған жас ғұмырын елінің болашағына арнаған, жаңашыл ойлы ақын С. Торайғыров шығармаларын насихаттау.
- «Қамар сұлу» романын оқып, талдау арқылы оқырманның қоғамға көзқарасын айқындауға бағыт беру.
- Кітап оқуға қызығушылық пен әдебиетке сүйіспеншілікті арттыру.
Көрнекілігі
- Ақынның суреті және шығармалары мен ол туралы естеліктерден кітап көрмесін ұйымдастыру.
- Медиа кабинетте слайд-презентациялар көрсету.
Бағдарлама құрылымы
I. Кіріспе бөлім
«С. Торайғыров — дара ақын» — кітапханашы Г. А. Садықова.
II. Негізгі бөлім
- Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
- «Қамар сұлу» романына шолу.
- Романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме.
- Жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.
- Көтерілген әлеуметтік мәселелер.
- Кейіпкерлерді қазіргі өмірмен салыстыра талдау.
- «Менің қиялымдағы Қамар бейнесі» тақырыбында ой бөлісу.
- Романның қазақ әдебиетіндегі орны және тарихи маңызы.
- Қорытынды.
Құрметті оқырман қауым!
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті өкілі, демократ ақын-жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына биыл 120 жыл толады. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде ол қазақ зиялыларының қатарынан табылып, ұлттық сананы оятуға үн қосты.
Ақын жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнады. Қазақ қоғамын тұмшалаған қараңғылыққа налиды, білімді, сауатты, жан-жақты оқыған ұрпаққа сүйенген жаңашыл өмірді аңсайды.
Баяндамалар мен таныстырылымдар
- Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы — 9 «А» сынып оқушысы Сакадиева Мадина.
- «Қамар сұлу» романына шолу — 10 «А» сынып оқушысы Мұхаметкаримов Еламан.
Роман өзегі: қоғам шындығы мен адам тағдыры
«Қамар сұлу» — қоғам шындығын көрсететін, әйел теңсіздігі мен махаббат бостандығы мәселесін көтерген жаңашыл туынды. Романда білімді, сауатты, көркі мен ақылы жарасқан Қамардың өз теңі Ахметке қосыла алмай, жасы үлкен, тоңмойын, надан Жорға Нұрымға зорлықпен телінуі — сол дәуірдегі қасіретті шындық ретінде ашылады.
Басты кейіпкерлер
Қамар
Елге сыйлы, ақылды, білімі бар ару. Оның бейнесі туралы — 9 «А» сынып оқушысы Нұрғазиева Динара.
Ахмет
Кедей ортадан шыққан, оқыған жігіт. Бойында ақындық, сөзге шешендік, сыпайылық, азаматтық қасиет мол. Бұл туралы — 9 «А» сынып оқушысы Болатханова Әсемгүл.
Әке мен бала мәселесі: Омар бейнесі
Романда әке мен бала проблемасы қоғамдық-әлеуметтік өткір мәселелер аясында көрінеді. Дәстүрлі түсінікте еріксіз ұзатылған қызға жаны ашитын адам көбіне ана болса, әке қатал кейіпте суреттелетін. Ал Торайғыров Омар арқылы мейірімді әке де болатынын, бірақ әділетсіз заманды жеңе алмайтынын шынайы көрсетеді.
Омар бейнесін талдау — 9 «А» сынып оқушысы Өзіхан Аяулым. Шығарманың соңында Омардың қатал заман соққысынан еңсесі түсіп, шарасыз күйге түсуі трагедиялық әсерді күшейтеді.
Жағымсыз кейіпкерлер: зорлық пен дүниеқоңыздықтың символы
Қамардың тағдырына балта шапқан басты тұлға — Жорға Нұрым. Ол мал-мүлкіне, атақ-даңқына мастанып, әйелі қайтыс болғаннан кейін «төсек жаңғырту» мақсатымен енді ғана гүлдеп келе жатқан Қамарды алуға ұмтылады. Бұл — адамдыққа да, арға да сыймайтын қылық.
Нұрымның жемтіктес серіктері — Қалтай қажы мен Оспан би. Оларға дөрекілік, зорлық-зомбылық, зұлымдық тән. Бұл бөлімді — 10 «А» сынып оқушысы Ибраев Еркебұлан таныстырады. Сондай-ақ Жорға Нұрым бейнесін ашуға Бекен Данияр мен Әділет қатысады.
Көтерілген әлеуметтік мәселелер
Романдағы әлеуметтік мәселелерге — 10 «А» сынып оқушысы Сейтқазина Балнұр тоқталады. Автор әйел теңсіздігін ашына суреттеп, адамның оқу-білім арқылы надандыққа қарсы тұра алатынын ұқтырады.
Омардың «байлығына қарамай, малқұмар емес» болып көрінуі маңызды: ол қызын малға сатуға қарсы тұрады. Алайда оның мақсатына жете алмауы — жеке әлсіздік емес, заманның әділетсіз шындығы. Осы арқылы әке мен бала арасындағы қайшылықтың әлеуметтік мәні бар екені айқындалады.
Қазіргі заманмен салыстыру
Роман кейіпкерлерін бүгінгі өмірмен байланыстыра салыстыру туралы — 9 «А» сынып оқушысы Қалихан Елназ пікір білдіреді.
Шығармашылық тапсырма: «Менің қиялымдағы Қамар бейнесі»
Ой бөлісуге қатысушылар: 10 «А» сынып оқушылары Төкен А, Төкен М; 9 «А» сынып оқушылары Қайырылғазы А, Бектасова А.
Романның әдебиеттегі орны
«Қамар сұлу» романының қазақ әдебиетіндегі орны мен тарихи маңызы туралы сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне беріледі: Б. К. Үсембаева, Б. И. Ченчербаева.
Қорытынды ой
Торайғыровтың арман-ұстанымы
Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам!
Ж. Аймауытовтың бағалауынша, Сұлтанмахмұт — өнер мен білім сәулесін аңсап, жоқшылықпен арпалысқан, жауыз тұрмыспен күресіп, жеңе алмай мерт болған, бірақ тірі жүрсе «қараңғы қазақ көгіне» күн болардай от-жалындай құрыш жігерлі ақын еді.
С. Торайғыровтың өмірі мен мұрасы ғасырдан ғасырға оқырманын тауып, жаңғыра берсін. «Қамар сұлу» арқылы көтерілген әділет, ар-ождан, білім, теңдік мәселелері бүгін де өзектілігін жоғалтпайды.