Өсімдік бөліктерімен сәйкестендіру
Сабақ тақырыбы
Тірі табиғат: Өсімдіктер.
Оқу мақсаттары
- Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін біледі және атайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
- Жемістердің атауын сәйкес суретпен және атқаратын қызметімен байланыстырады.
- Тұқымды құмырадағы топыраққа егу тәсілін меңгереді.
Кейбір оқушылар:
Тұқым отырғызу үдерісін бақылап, 2–3 күннен кейінгі өзгерістерді болжайды және болжамын қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.
Бағалау критерийлері
- Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология
- Тұқым
- Өсімдік тұқым арқылы өніп өседі.
- Жеміс
- Өсімдіктің бөлігі.
Диалог пен жазуға арналған пайдалы сұрақтар
- Жемістерді ата.
- Жемістердің ішінде не болады?
- Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?
- Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады?
- Тұқым ылғал мақтада өне ме? Неге?
Құндылықтарды дарыту
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы: өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру арқылы қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтуға, отбасылар табысының тұрақты өсуіне және өмір сапасын жүйелі жақсартуға бағдар беру.
Пәнаралық байланыстар
Көркем еңбек
Қағаз материалдарымен қарапайым көлемді пішін жасау; өсімдік аппликациясын құрастыру.
Математика
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) тану және оларды қоршаған ортадағы заттармен, өсімдік бөліктерімен сәйкестендіру.
Музыка
Қоршаған ортадағы дыбыстарды ажырата отырып «баққа серуендеу»; тыңдалған музыканың көңіл күйін, ырғақ-екпінін, динамикасын анықтау арқылы өзін-өзі бағалау.
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта.
Бастапқы білім және ой қозғау
Стратегия
Интербелсенді тақтадағы психологиялық ахуалға арналған өлең мәтінімен жұмыс.
Сұрақтар
- Тақтадағы қызылмен жазылған сөздер нені білдіреді?
- Не жетіспейді? Толықтырайық.
- Өсімдіктер тобы. Бұта.
- Бұлардың барлығы неге жатады?
- Тірі табиғатқа, өсімдіктерге.
Сабақтың басы (3 минут)
Психологиялық ахуал
Еңбек етсең терлеп — оның аты еңбек.
Гүл өсірсең терлеп — оның аты еңбек.
Ағаш ексең терлеп — оның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Топқа бөлу
Үстелге жапырақ, жеміс, тұқым суреттерінің бірнеше түрі таратылады. Сол суреттер бойынша оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
Сабақтың ортасы
Ширату (3 минут): «Екеуінің бірін таңда» ойыны
Сұрақ-жауап арқылы белсендіру
1-сұрақ
Өсімдік тірі ағзаға жата ма, әлде жатпай ма?
Жауабы: Жатады, себебі өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді.
2-сұрақ
Ағаш, бұта, шөптердің ұқсас белгілері бар ма, жоқ па?
Жауабы: Бар: тамыры, сабағы (діңі), жапырағы болады.
Тапсырма №1: «Өсімдік мұнарасы» әдісі (топтық жұмыс)
Аппликация, түсіндіру, сәйкестендіру
1-топ: Жапырақтар
- Өсімдік бөліктерін төменнен жоғары ретімен орналастырады (қиылған дайын бөліктерден аппликация).
- Бөліктерін көрсетіп, атайды.
2-топ: Жемістер
- Өсімдік бөліктерін атайды.
- Әр бөліктің атқаратын қызметін түсіндіреді.
3-топ: Тұқымдар
- Өсімдік бөліктерін геометриялық пішіндермен сәйкестендіреді.
- Түсіне және пішін ерекшелігіне сүйеніп түсіндіреді.
Дескрипторлар
- Өсімдік бөліктерін ретімен орналастырады және атайды.
- Өсімдік бөліктерін атап, қызметін түсіндіреді.
- Өсімдік бөліктерін пішіні мен түсіне қарай геометриялық фигуралармен сәйкестендіреді.
Мектеп және мұғалім туралы ақпарат
- Мектеп
- Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі
- Мұғалім
- Хамзина Қ. С.