Дыбыс бермейтін әріптер Тапқырлар тобы

Мақсаты

Оқушылардың білімін сайыс арқылы шыңдау; білімді, жан-жақты болуға ынталандыру; өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; логикалық ойлауды дамыту; дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар ұжымда достық қарым-қатынас пен ұйымшылдықты нығайту.

Құрылымы

  • Ойынға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады.
  • Жалпы қатысушы саны — 8 оқушы.
  • Ойын 5 кезеңнен тұрады.
  • Әр кезең қорытындысы бойынша ұпай беріледі.
  • 5-кезеңнен кейін ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Кіріспе сөз

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларына арналған «Зерде» интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.

Бүгінгі ойынға 1-сыныптан 4 оқушы және 2-сыныптан 4 оқушы қатысады. 1-сынып командасы — «Алғырлар», ал 2-сынып командасы — «Тапқырлар».

Ойын барысын әділ бағалап, шешім шығаратын әділқазылар алқасымен танысайық (аты-жөні кейін толтырылады).

Бағдарлама кезеңдері

I айналым

Сұрақ-жауап

Білгенге маржан

II айналым

Тіл дамыту

Әріптер әлемі

III айналым

Логика

Ойлан тап

IV айналым

Шығармашылық

Қызықты грамматика

V айналым

Шешуші кезең

Сырлы жұмбақ әлемі

I айналым — «Білгенге маржан»

Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасы аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

«Алғырлар» тобы

  1. Біз қандай елде тұрамыз?
  2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  3. 1 желтоқсан күні қандай мереке?
  4. Бір аптада неше күн бар?
  5. Балалар білім алатын орын қалай аталады?
  6. Дыбыс бермейтін әріптерді ата.

«Тапқырлар» тобы

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  2. Абай атаң оқу мен өнер туралы қандай өсиет қалдырды?
  3. Сөйлем неден құралады?
  4. «Балдырған» сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
  5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
  6. Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата (я, ю, е).

II айналым — «Әріптер әлемі»

Балалар әріптерді таңдап алып, сол әріптен сөз құрайды және сөзді буынға бөледі.

Музыкалық үзіліс: би билеу.

III айналым — «Ойлан тап»

Мақалды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру қажет.

Мақал-мәтелдер

  • Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  • Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.

IV айналым — «Қызықты грамматика»

Тапсырма: берілген бір сөзден бірнеше жаңа сөз шығару.

Берілетін сөз

Саңырауқұлақ

Музыкалық үзіліс: би билеу.

V айналым — «Сырлы жұмбақ әлемі»

Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың жұмбағын оқиды, ал жауабы «сиқырлы кітапта» жасырылған болады. Жұмбақты бірінші болып дұрыс шешкен топ 5 ұпай алады. Қарсы топқа ұпай берілмейді.

Жұмбақтар

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

Жауабы: кітап

Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты.

Жауабы: өшіргіш

Тақтада жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.

Жауабы: бор

Алты түрлі түсі бар, сурет салар ісі бар.

Жауабы: қарындаш

Қорытынды және марапаттау

Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі шығарылады да, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы кубок табыстайды.

Ойын соңында қорытынды сөз әділқазыларға беріледі. Жеңген топ марапатталып, сыйлықтар табысталады.

Қорытынды аккорд

Ойынымызды «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтайық.