Естіледі терезеден темірлі, Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп

Мағжан Жұмабаев

Тәңірі ие, атпады ғой таңың! - деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.
Байқаймын: жел ұзақ жолда жабыққан,
Қасірет басып, Сарыарқадан тарыққан
Алып келсе керек ауыр аманат
Абақтыдағы азаматқа зарыққан.
Терезеден үйге кірмек болады,
Аманатты қолдан бермек болады.
Жол бермеген қатты қара темірді,
Ызаланып, зуылдап кеп ұрады.
Үй сілкініп, құлағандай болады,
Жіберші! - деп сұрағандай болады.
Қуат кеміп, қажыған соң, жүйрік жел
Өксіп - өксіп жылағандай болады.
Дене күйіп, желге құлақ саламын,
Жанып жүрек, көзіме жас аламын.
Жібермейді қара темір қайырымсыз
Еркін дала, Сарыарқамның сәлемін.
Тәңірі ием, атпады ғой таңың! - деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тыста соғып жел уілдеп тұр гулеп.



Ұқсас жұмыстар

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ
М. Жұмабаевтың лирикалық өлеңдеріндегі психологиялық қырлары
Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық таланты
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңінің көркемдік қуаты
Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Қиял
Ежелгі Греция
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Қан айналымының жалпы желісі.
Ж.Жабаевтың өмірімен және көптеген ақындармен айтыстары
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек туралы
Ежелгі психология
ӘЖЕЛЕР ӨМІРІ ӨНЕГЕ