Қасым Аманжолов Дүниеге жар Сабақтың мақсаты
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Қайракбаева Алмагүл Базарбайқызы
7-сынып · Қазақ әдебиеті · Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Қасым Аманжолов — «Дүниеге жар»
Білімділік
Қ. Аманжолов поэзиясының ерекшелігін таныту, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын ашу және мән-мағынасын талдау.
Дамытушылық
Дүниетанымды кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Мәселені бірлесіп шешудің жолын табуға, тапсырмаларды бірлесе орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар Қасым Аманжоловтың шығармашылығын меңгереді.
- Тәжірибеде дүниедегі жақсы мен жаманды ажырата алады.
- «Дүниеге жар» өлеңімен танысып, өз ойын еркін жеткізеді.
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгеру.
Құрал-жабдықтар
Маркерлер, түрлі түсті гүлдер, флипчарт, дереккөздер.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушыларға «тілектер гүлшоғын» тәтті тілектермен толтыру ұсынылады. Кейін топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
«Қасым Аманжолов — “Дүниеге жар”» тақырыбына кіріспе ретінде «Жас Жамбыл» ақын туралы бейнеролик көрсетіледі.
Талқылау сұрақтары
- Бейнероликте қандай өмір туралы толғаныс айтылады?
- Бейнежазбада қандай сөздер жиі қолданылады?
Мәтінмен жұмыс
«Дүниеге жар» өлеңі түсініп оқылады, мазмұны анықталады. Оқушылар өздеріне оқу мақсатын қояды және бір-бірін бағалайды.
Ескерту
Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеп алып, тапсырмаларды сынып ерекшелігіне қарай бейімдеуге болады.