Қоршаған ортамен таныстыру

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы

Әлеуметтік

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Балабақша – біздің екінші үйіміз

Мақсаты

  • Балабақшада еңбек ететін мамандармен таныстыру: медбике, аспаз.

  • Балабақшаның балаларды көп нәрсеге үйрететін және жақсылыққа тәрбиелейтін орта екенін түсіндіру.

  • Балабақша қызметкерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, балаларды мейірімді болуға баулу.

Әдіс-тәсілдері

  • көрсету
  • таныстыру
  • түсіндіру
  • сұрақ-жауап
  • ойын
  • қорытындылау

Көрнекі құралдар

Суреттер, аспаз бен медбикенің бейнелері (немесе мамандардың атрибуттары).

Билингвалдық компонент

Қазақша
балабақша
аспаз
дәрігер
Орысша
детский сад
повар
врач

Шаттық шеңбер

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарына қосылып қимыл-қозғалыстар жасайды.

Өлең

Балабақшам менің,

Жаңа қадам жасадым.

Қош болып тұр бесігім,

Мен қуанып ашамын

Балабақша есігін.

Ұйымдастырушылық кезең

Әңгімелесу

  • Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық.
  • Осы балабақшада сендер нені үйрендіңдер?
  • Біз күні бойы балабақшада боламыз. Сондықтан оны «екінші үйіміз» деп айта аламыз.

Өлең оқу (Мұзафар Әлімбаев)

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл — екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз — осы үйдің гүліміз,

Біз — осы үйдің сәніміз.

Балалар өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтады және жаттауға талпынады.

Сұрақ-жауап

1) Өлеңде не туралы айтылған?

2) Балабақша сендерге несімен ұнайды?

3) Неліктен балабақшаны «екінші үй» дейміз?

Қорытынды ой: біз күні бойы балабақшада боламыз, ол — біздің екінші үйіміз; біз — осы балабақшаның гүліміз әрі сәніміз.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығулары әуенмен орындалады.

Қимыл-өлең

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

Жай-жай-жай!

Қозғап барлық денені,

Қолды қатты соқ енді:

Сарт-сарт-сарт!

Тықылдатып таяқты,

Ақырын бас аяқты.

Балабақша қызметкерлерімен танысу

Медбике

Біздің денсаулығымызды бақылап отыратын — медбике. Егер ауырсақ, алғашқы көмек көрсетіп, қажет жағдайда дәрігерге бағыттайды.

Сұрақ:

Балабақшада денсаулығымызды қадағалап отыратын кім?

Аспаз

Аспаз балаларға күні бойы құнарлы әрі пайдалы тағам дайындайды, уақытылы тамақтануды ұйымдастырады.

Сұрақ:

Аспаз сендер үшін не істейді?

Қысқа қорытынды

Балалар өз ойларын айтып, негізгі ойды қайталайды: «Балабақша — біздің екінші үйіміз.»

Өзін-өзі бағалау

  • Балабақша дегеніміз не?
  • Балабақшада кімдер қызмет етеді?
  • Өз балабақшаңды жақсы көресің бе? Неліктен?
  • Сенің сүйікті ойыншығың қандай?

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

Қорытынды өлең

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, күннің негізгі ойларын бекітеді.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Балабақшадағы сыйластық пен ұжымдық қарым-қатынас дағдыларының маңызын.

Игереді

Балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын (медбике, аспаз және т.б.).

Меңгереді

Өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды және қамқор болуды.