Бәйге ережесі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы: Тарих тамыры тереңде (6-сынып)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Қазақстан тарихы пәнінен тас дәуірі бойынша өткен тақырыптардан білімдерін тексеру.
  • Дамытушылық: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, сөйлеу мәдениетін, ойлау жүйесін және шешендік қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелілік: елсүйгіштікке, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу; жан-жақтылыққа және білімге құштарлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, үлестірмелер, слайдтар.

Сабақтың форматы

Түрі: танымдық сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын технологиялары, ізгілендіру технологиясы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, қазіргі заман тарихы, информатика.

Кіріспе сөз және топтар

Жүргізуші мұғалім қатысушыларды қарсы алып, сабақтың мәнін ашып, Елбасы Н. Назарбаевтың: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деген сөзін негізге алады.

Тәуелсіздік жылдары болған оң өзгерістердің бірі — білім саласындағы еркіндік. Өмірдегі табыстардың бастауы да тәуелсіздіктің нәтижесі екені атап өтіледі.

Сайыс топтары

1-топ

Жас қыран

2-топ

Барыс

Сайыс кезеңдері

Бәйге Көкпар Ғажайып алаң Егер де мен... Жорға

I. Бәйге

Ереже: әр команда мүшесі кезекпен сұрақ алып, мүмкіндігінше тез жауап береді.

Жас қыран тобы

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

    Жауап: тастан.

  2. Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам?

    Жауап: саналы адам.

  3. Мезолит дәуірінің үлкен жаңалығы?

    Жауап: микролит.

  4. Неолитті кейде қалай атаған?

    Жауап: қыш құмыралар заманы.

  5. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы?

    Жауап: тотемизм.

  6. Ең бірінші қолданылған металл?

    Жауап: мыс.

Барыс тобы

  1. Питекантроп пен синантроп ғылымда қалай аталды?

    Жауап: тік жүретін адам.

  2. Германия жерінен табылған мустье кезеңі адамы?

    Жауап: неандертальдық.

  3. Туысқандар ұжымы?

    Жауап: рулық қауым.

  4. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалды?

    Жауап: мезолитте.

  5. Өнімді еңбек қашан пайда болды?

    Жауап: неолитте.

  6. Маңғыстауда энеолит ескерткіштері табылған елді мекен?

    Жауап: Шебір.

II. Көкпар

Ереже: мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына сөзді тауып, орыс тіліне аудару.

Мақал-мәтел Жауап Орысша аудармасы
Туған жердей ... болмас, туған елдей ел болмас. жер земля
Еріншек ... істейді. екі два
... пейілді болса, шәкірті зейінді келеді. ұстаз учитель
Білім — теңіз, мектеп — ... кеме корабль
Отансыз ... — ормансыз бұлбұл. адам человек
Көсем ел бастар, шешен ... бастар. сөз слово

III. «Отаншылдық — білімділік» және «Ғажайып алаң»

Көп оқыған, білгені мол адам әділетті әрі айбынды бола алады. Қоғамның тағдыры — білімді ұрпақтың қолында. Келесі кезең: «Ғажайып алаң».

10 ұпай

  • Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді?

    Жауап: 3 (тас, қола, темір дәуірі).

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдары?

    Жауап: қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы.

20 ұпай

  • Алғашқы адамдар аулаған аңдар?

    Жауап: аю, бизон, мамонт.

  • Питекантроп қаңқасы қайдан табылды?

    Жауап: Ява аралы.

30 ұпай

  • Бифас деген не?

    Жауап: екі жағынан өңделген шапқыш тас құрал.

  • Жер беті күрт суи бастаған кезең?

    Жауап: бұдан 100 мың жыл бұрын.

40 ұпай

  • Мұздықтар ери бастаған кез?

    Жауап: 13 мың жыл бұрын.

  • Инициация деген не?

    Жауап: балалар тобынан ересектер тобына өту.

IV. «Егер де мен...»

Ереже: ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, 3 минут ішінде өз ойын жүйелі жеткізу. Бұл кезеңде оқушының шешендік өнері, ой қоры және тілдік байлығы бағаланады.

Жүргізуші Омар ақынның ой-түйінін келтіріп, сайысшылардың сөз саптауын байқатады:

«Білгенге білім — байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім — өнеге мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай».

Тақырыптар

  • Егер де мен Президент болсам...
  • Егер де мен ауыл әкімі болсам...
  • Егер де мен ақын болсам...

V. Жорға

Ереже: топ басшылары жасырылған сөздердің бірін таңдап, берілген ұғымдарды топтастырады. Тақырыптар: «Мезолит» және «Палеолит».

Топтастыру

Мезолит және Палеолит ұғымдары бойынша негізгі белгілерді жүйелеу.

Қорытынды

Әділқазылар алқасының шешімі тыңдалып, топтар марапатталады.