Рухани жаңғырту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп
ЖББ №8 орта мектеп КММ
Сынып
3-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы»
Көрнекіліктер
Тақырыпқа сай суреттер, бейнематериалдар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың Отан туралы түсінігін кеңейту; тәуелсіз ел жетістіктерімен және рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстыру.

Дамытушылық

Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру; сөздік қорды молайту; есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру (оқу құралдары, қатысым, зейін).
  • Көңіл күйді көтеру және бірлескен жұмысқа бағыттау.

2) Психологиялық дайындық

Оқушылар орнынан тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды:

Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Амансыз ба, ағай?
Амансыз ба, апайлар?

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.

3) Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақ-жауап)

Біз қандай елміз?

Тәуелсіз елміз.

Біздің Президентіміз кім?

Н. Ә. Назарбаев.

Ол қашан Президент болып сайланды?

1991 жылы.

Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл?

26 жыл.

Оқушыларға «жаңғыру», «жаңғырту» сөздерінің мағынасы мен оларды қайда естігені туралы ой қозғау сұрақтары қойылады.

4) Негізгі ақпарат: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Бағдарламалық құжаттың мазмұны бұрынғы жылдармен салыстырғанда қысқа әрі нұсқа ұсынылды.

Жолдауда Қазақстан үшін басым мақсаттар мен міндеттер қысқа мерзімге белгіленді. Сонымен бірге еліміздің 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы қажет екені тағы бір мәрте атап өтілді.

Негізгі ой

Болашақты айқындап, сын-қатерді күтпей, оған табандылықпен қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Бейнематериал: «Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы»

  • Бейнебаяннан не көрдік?
  • Не түсіндік?
  • Жаңғыру елімізге қандай пайда әкеледі?

5) Ойын: «Жылдар сөйлейді»

Ортаға 5 оқушы шығады. Әрқайсысына бір жыл жазылған парақ беріледі (1991, 1992, 1995, 1997, 1989). Қалған оқушылар сол жылдары болған оқиғаларды табады.

1991 жыл

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.

1992 жыл

Мемлекеттік рәміздер бекітілді.

1995 жыл

Ата Заңымыз (Конституция) қабылданды.

1997 жыл

Жаңа Әнұран қабылданды.

1989 жыл

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

6) Тілдік құзіреттілік: үштілділік және мақал-мәтелдер

Үштілділік бағыты рухани жаңғыру идеяларымен де сабақтас. Оқушылар мақал-мәтелдерді үш тілде қайталап, дәптерлеріне жазып алады.

1) Отан — оттан да ыстық

Рус: Родина жарче огня
Eng: The homeland is hotter than fire

2) Отанды сүю — отбасынан басталады

Рус: Родина начинается с семьи
Eng: Loving the Motherland starts from the family

3) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл

Рус: Человек без родины — как соловей без леса
Eng: A person without a homeland is like a nightingale without a forest

7) Сергіту сәті

Қысқа сергіту: оқушылар орнынан тұрып, қимыл-қозғалыс жасап, билеп алады.

Бейнематериал: «Мен қазақпын»

8) Шығармашылық жұмыс

Тапсырма 1

«Қазақстанның өркендеуі мен дамуы үшін сен қандай үлес қосар едің?» — өз ойыңды айт. Қаласаң, сурет салып көрсетуге болады.

Уақыт: 5 минут

Тапсырма 2

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыр:

Менің туған жерім — …
Қазақстан — көпұлтты республика.
Қазақстанның астанасы — …
Қазақстанның тұңғыш Президенті — …
Қазақстанның тәуелсіздігі … жылы қабылданды.
Биыл оған … жыл толды.

Қорытынды

Қазақстанның үшінші жаңғыруы — уақыт талабы. Бұл бағыт еліміздің 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатына жетуге үндейді.

Болашақ — сіздер мен біздердің қолымызда. Сондықтан елімізге пайдасы тиетін саналы азамат болып өсейік.

Бағалау

Әр оқушыға мадақтау белгісі ретінде смайликтер таратылады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!