Ұшбұрыш тобына
«№ 45 орта мектеп» КММ
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
«Кім жүйрік?» математикалық ойын-сабақ
Өткізген: Абильмажинова Г. Ж.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, зеректігін және оқуға ынтасын арттыру.
- Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Көрнекілігі
- Безендірілген зал
- Нақыл сөздер
- Карточкалық тапсырмалар
- Логикалық есептер
- Әр топқа дайындалған үстел
Форматы
- Түрі: топтық сайыс сағаты
- Типі: ойын түрінде
Сайыс құрылымы
- 1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
- 2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
- 3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
- 4. Математикалық сұрақтар
- 5. «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)
- 6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы)
- 7. «Қас қағым сәт» (жедел сұрақтар)
Нақыл сөздер
«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы».
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика».
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те».
Жүргізуші сөзі
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі жарыс төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді жарыс жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш» және «Шаршы» топтарын шақырамыз.
«Математика сырлары қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді», — дей отырып, сайыскерлердің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Ескерту
Бұл жоспарды сыныптың деңгейіне қарай қысқартып немесе күрделендіріп қолдануға болады.
I кезең: Амандасу және таныстыру
I топ — «Үшбұрыш»
Ұран: «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Сәлемдесу
Білімге құштар ұланбыз,
Білімге толы санамыз.
Бүгінгі күн жеңісті
Алғырлықпен аламыз.
Ән
Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан — дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрт таңырқасын бәрі бізге.
Үшбұрыш тобынан қарсылас топқа сәлем!
Таныстыру
Үшбұрыш — жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосу арқылы алынатын фигура.
Қабырғаларына қарай
- тең қабырғалы
- тең бүйірлі
- әр қабырғалы
Бұрыштарына қарай
- тік бұрышты
- сүйір бұрышты
- доғал бұрышты
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең.
II топ — «Шаршы»
Ұран: «Қандай сынақ болса да беріспе, әрқашан үміткерміз жеңіске»
Сәлемдесу
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз — жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Шаршы тобынан қарсылас топтарға сәлем!
Ән
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Таныстыру
Шаршы — барлық қабырғалары тең және көршілес қабырғалары өзара перпендикуляр болатын тіктөртбұрыш.
Қасиеттері
- барлық қабырғалары тең;
- қарсы қабырғалары параллель;
- ішкі бұрыштарының қосындысы 360°-қа тең.
II кезең: Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
«Шаршы» тобына
-
Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалады?
Жауабы: 10 торғай
-
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
Жауабы: 3 минут
-
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
-
Бір жанұяда бес ер бала бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар?
Жауабы: 6 бала
-
Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр. Аяқтарының жалпы саны — 10. Неше тауық және неше бұзау болуы мүмкін?
Жауабы: 2 тауық, 2 бұзау
«Үшбұрыш» тобына
-
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болса, екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
Жауабы: 3 кг
-
Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
-
Төрт қойдың неше аяғы бар?
Жауабы: 16 аяқ
-
Асханаға 50 кг пияз және одан 20 кг артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?
Жауабы: 70 кг
-
Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
Жауабы: Балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды
III кезең: Біліктілік сайысы (есептер шығару)
«Қарлы кесек» әдісі
Мұғалімнің сұрағы: «Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?» Жауабы: Қыс
«Шаршы» тобына
«Үшбұрыш» тобына
IV кезең: «Бұл не деген жұмбақ?» (5 балл)
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына (не алдына/соңына) оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?
Берілгендер
тдсмиед
тмдсмид
иеетмйі
иееетеі
Жауабы
«Ти десем тимейді, тиме десем тиеді».
Шешуі: ерін
V кезең: Математикалық сұрақтар
Сұрақтар топтамасы A
- Аптада неше күн бар? Жауабы: 7
- «Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым…» Бұл не? Жауабы: бауырсақ
- Балалар білім алатын орын. Жауабы: мектеп
- Аптаның 5-ші күні. Жауабы: жұма
- Құста қанат, ал адамда… Жауабы: қол
- 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура. Жауабы: үшбұрыш
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? Жауабы: жасыл
- 5 пен 7-нің арасында қандай сан бар? Жауабы: 6
- Алфавиттегі 6-шы әріп. Жауабы: ғ
- Үстелдің астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді. Үстелдің сыртында неше мысық, неше тауық? Жауабы: 1 мысық, 1 тауық
Сұрақтар топтамасы B
- Білімге жетелейтін адамды кім дейміз? Жауабы: мұғалім
- Қазақстанның астанасы қай қала? Жауабы: Астана
- Жеті күнді бір сөзбен қалай атаймыз? Жауабы: апта
- Ең жақсы баға. Жауабы: бес
- Аптаның бесінші күні. Жауабы: жұма
- Елді басқаратын адамды кім дейміз? Жауабы: елбасы
- Еліміздің туында қандай құстың бейнесі бар? Жауабы: бүркіт
- 1 сағатта неше минут бар? Жауабы: 60 минут
- Сегіз ондық. Жауабы: сексен
- Қосуға кері амал. Жауабы: азайту
VI кезең: Грамматикалық арифметика (5 балл)
Жауап сөздер:
VII кезең: «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)
VIII кезең: Ребус шешу
Топтарға ребус беріледі. Уақыт аяқталған соң, әр команда шешімін түсіндіріп қорғайды.
IX кезең: Қорытынды бөлім
«5 жолды өлең» құрастыру
- 1. Зат есім (Кім? Не?)
- 2. Сын есім (Қандай?)
- 3. Етістік (Не істеді? Қайтті?)
- 4. Сөйлем
- 5. Мағыналас сөз
Рефлексия: «Блоб ағашы»
Оқушылар өз көңіл күйі мен белсенділігін «Блоб ағашы» арқылы белгілейді: бүгінгі жұмыстағы орнын таңдап, қысқаша пікір айтады.
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалдық.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгін анықталды.
Марапаттау
Жеңімпаздар анықталып, қатысушыларға марапаттар табысталады.