Сұлушаш ханшайым
«Қош бол, балабақшам!» — түлектер кешінің сценарийі
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі — Жантакбаева Алия.
Кештің басталуы
Ескерту
(Екі жүргізуші кіреді.)
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңіз де есен-сау келдіңіздер ме?
Таусылмасын ақ ниет, ай-арманың —
Ендеше, тойымызды бастайық!
2-жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді!
Ақбота тобының түлектерін ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
Сахналық әрекет
(Әсем әуенмен мектепке баратын балалар ортаға кіреді.)
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Сахналық әрекет
Үш бала залдың төріне шығып, кештің шымылдығын ашады.
Нұрдаулет
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Айша
Балабақша бесігін
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Альтайр
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Құттықтау сөз
1-жүргізуші
Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшыруға жиналдық. Қадамдары құтты болсын!
Балаларға арналған ақ тілегін, жылы лебізін білдіру үшін «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Торланбаева Надира Ағабекқызына сөз береміз.
Өнер бөлімі
2-жүргізуші
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа сендер жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз —
Құтты болсын тойларың!
Ән
«Бала тілегі» — Арай, Жұлдызай, Арнұр.
1-жүргізуші
Қазіргі мынау мереке — бәрінен де ерекше.
Өйткені біздің балалар ертең мектепке барады.
Ендеше, кезекті тақпақтарға береміз. Ортаға Нұрмұхамет, Заңғар, Ернұр, Гүлжайна, Ақжанды шақырамыз.
Заңғар
Бес жасқа біз толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ақжан
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке біз барамыз.
Ернұр
Балабақша, қош енді,
Әркез аман бол енді.
Әкем мен шешемді ертіп,
Енді біз келмейміз.
Гүлжайна
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, ойнап сауық құрамыз.
Қашықта болмас арамыз —
Сіздерге келіп тұрамыз.
2-жүргізуші
Біз де қарап тұрмайық,
Би билейік, жырлайық.
Ата-анамыз қуансын,
Қол соғып, аямай!
Би
«Рок-н-ролл» — Арай, Ұлболсын, Аруна, Диас, Нұрдаулет, Арнұр.
Түлектердің лебізі
1-жүргізуші
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қылық-тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Ортаға Бекмахан, Жайна, Мирас, Арнұрды шақырамыз.
Бекмахан
Балабақша күндерін
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші сіңірген
Еңбегіңді ақтаймыз.
Жайна
Бақша — біздің панамыз,
Мектеп — біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
Мирас
Ойыншықтарды жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреніп,
Бақшамызды қимаймыз.
Арнұр
Қанша бала, қанша қыз —
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Біз ертеңгі ақынбыз,
Біз ертеңгі батырмыз.
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.
Ән
«Кел билейік» — Жұлдызай, Балауса, Нұрдаулет.
Би
«Десанттар» — биші ұлдар тобы.
Ән
«Ертегілер» — Ұлболсын.
Ертегі көрінісі: «Сұлушаш ханшайымы»
Сахналық көрініс
Балалар ертегілер елінен келген қонақты қарсы алады. «Сұлушаш ханшайымы» ертегісінен көрініс.
(Сахнада хан сарайы: патшаның тағы, құстар, гүлдер.)
(Гүл теріп, әндетіп Сұлушаш ханшайымы кіреді. Тақта хан отыр, екі жағында желпуіш ұстаған уәзірлері бар.)
Ертегімді бастайын, қиялдан бір тастайын.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде —
«Балауса» балабақшасында жас данышпандар болыпты.
2-жүргізуші
Ерте, ерте, ертегі — ертегі сыр шертеді.
Ертегіні жақсы айтқан бала мақсат-мұратына жетеді.
Сұлушаш ханшайым (Арай)
Әке, әке, қарашы! Мен қандай әдемі гүл теріп келдім. Міне, иіскеп көріңізші — жұпары қандай ғажап!
Хан (Нұрсейт)
Неткен жұпар иіс! Әдемі гүл екен. Қызым, бері келші, саған айтар сырым бар: биыл сен беске толасың. Гүл теріп бос жүргеніңді қой. Сен үлкен болдың — мектепке барасың.
Сұлушаш ханшайым
Әке, онда мектепке барар қуанышыма арнап салтанатты той өткізейік! Мен достарымды шақырайын.
Хан
Мақұл, қызым! Уәзірлерім қайда?
Уәзірлер (Арнұр, Нұрислам)
Біз мұндамыз, тақсыр! Қандай бұйрық бар?
Хан
Барлық тұрғынға жар салыңдар: сарайда үлкен сауық кеші өтеді! Барлық өнерпаздар келіп, Сұлушаш ханшайымға өз өнерлерін көрсетсін!
Сахналық әрекет
(Хан мен уәзірлер кетеді. Ортаға жаршылар шығады. Сұлушаш ханшайым таққа отырады.)
Уәзір (Арнұр)
Салтанатты тойға қоян мен түлкіні шақырамыз!
Түлкі (Балауса)
Түлкі деген қу екен,
Жүрген жері шу екен.
Түздің жылпос бұл аңы,
Артында көп ыраңы.
(Түлкінің жүрісін салады.)
Қоян (Диас)
Түбіртектің түбінде
Бұғып жатыр ақ қоян.
Құлағын жел үніне
Тігіп жатыр сақ қоян.
(Қоянның жүрісін салады.)
Уәзір (Нұрислам)
Салтанатты тойға бақа, жылан, бота, қозыны шақырамыз!
Ән
«Қошақан»
Уәзір (Арнұр)
Енді ортаға арыстан мен тышқанды шақырамын!
Арыстан мен тышқан (Бейбарыс, Нұрдаулет) — диалог
Тышқан: Арыстан-ау, арыстан, түнде қайда барасың?
Арыстан: Әжемнің үйіне барамын.
Тышқан: Әжең саған не береді?
Арыстан: Ешкі сойып ет береді, сиыр сауып сүт береді.
Тышқан: Етті қайда қоясың?
Арыстан: Тал түбіне қоямын.
Тышқан: Сүтті қайда қоясың?
Арыстан: Тал басына қоямын.
Тышқан: Ит жеп кетсе қайтесің?
Арыстан: Ит аузынан аламын.
Тышқан: Құс жеп кетсе қайтесің?
Арыстан: Жылай-жылай қаламын.
Ханшайым
Маған ақындарды шақырыңдар!
Айтыс
Нұрсейт, Ұлболсын.
Уәзір (Нұрислам)
Салтанатты тойға құстарды шақырайық!
Қарға (Ақжан)
Қарға, қарға, қарғалар,
Бұтаға келіп қорғанар.
Екі шоқып, бір қарап,
Жолымды оқып қорғанар.
Балапан (Гүлжайна)
Мен әдемі балапан,
Біліп қой сен, ханшайым.
Достарым бар менің көп,
Жем шоқимын теріп ап.
Әтеш
Ку-ка-ре-ку!
Бұрын қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
Бәріңді оятамын — ку-ка-ре-ку!
Би
«Аққу»
Ханшайым
Мен ойын ойнағым келіп тұр.
Уәзір (Арнұр)
Жарайды, ханшайым! Салтанатты тойға сайқымазақты шақырамыз!
Сайқымазақ
Сәлеметсің бе, ханшайым! Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің қолымдағы шарлар — жай шарлар емес, сиқырлы шарлар.
Сендерге қызықты ойын алып келдім. Ойнаймыз ба?
Ойын
«Шарды кім тез жарады?»
Шарты: әр бала шарды жарып, ішіндегі тапсырманы оқып, орындайды.
- Бір тауда аю, түлкі, қоян болды. Оларға қасқыр келіп қосылды. Сұрақ: тауда неше аң бар? 3 + 1 = 4
- Қарама-қарсы мағыналы сөзді тап.
- Санамақ айтып бер.
- 1–5 дейін орысша және ағылшынша санап бер.
- Қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Жарайсыңдар, балалар! Ал енді ата-аналарға да ойын бар.
Ойын
«Кім жылдам?»
Білімді болған қандай жақсы! Білімдерің арта берсін. Қадамдарыңа гүл бітсін! Сау болыңдар!
Ханшайым
Рахмет, достарым! Сендерге өте ризамын!
Тілдер мерекесі: орысша және ағылшынша тақпақтар
2-жүргізуші
Сүйкімді балғын болашақ — сендердікі болашақ!
Озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар.
Балалар, біз орыс және ағылшын тіліндегі тақпақтарды айта аламыз ба?
Иә! Олай болса, ортаға Нұрсейт, Ұлболсын, Аруна, Арай, Нұрмұхамбетті шақырамыз.
Нұрсейт (орысша)
Детский садик, до свиданья!
Школа нам теперь нужна.
Здравствуй, школа — замок знаний,
Ты волшебная страна.
Ұлболсын (орысша)
В сентябре я ученик,
Мама купит мне дневник.
А ещё портфель и книжки —
Мы ведь уже не малыши.
Нұрмұхамбет (орысша)
Я люблю свой детский сад,
В нём полным-полно ребят.
Раз, два, три, четыре, пять —
Жаль, что всех не сосчитать.
Балауса (орысша)
Улетаем мы сегодня,
Словно птицы из гнезда.
Жаль, приходится прощаться
С детским садом навсегда.
Аруна (ағылшынша)
Apple’s big, apple’s tall.
Guess what? I like them all!
Арай (ағылшынша)
Spring is green,
Summer is bright.
Autumn is yellow,
Winter is white.
Нұрсейт (ағылшынша)
Cherries, cherries, ruby red —
Want to try one? Go ahead!
Қорытынды сөз
1-жүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер әлі алда.
Әсем бимен, түрлі өнермен
Бүгінгі кеш сіздерге арналады.