Қай бағандағы сөздер сөйлем

Сабақтың мақсаттары

Бұл сабақ оқушылардың сөйлем туралы түсінігін қалыптастырып, жазылым мен сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Білімдік

  • Сөйлем туралы түсінік беру.
  • Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
  • Сөйлемдегі ойды анықтай білуге үйрету.
  • Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін дұрыс қою.

Тәрбиелік

  • Қарым-қатынас кезінде орынды сөйлеуге, сөзді дұрыс қолдануға үйрету.
  • Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Ұқыптылық пен сауаттылықты қалыптастыру.

Дамытушылық

Сөйлеу

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Ойлау

Ойлау жүйесін жетілдіру.

Жазылым

Жылдам әрі көркем жазу, пікірін дәлелдеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, өткен білімді еске түсіру, жаңа ұғымды меңгерту және бекіту жұмыстарымен жалғасады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Психологиялық дайындық.

Ширату өлеңі

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім! Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені — Болашағым, бақытым, дара тілім!

Осы ниетпен бүгінгі қазақ тілі сабағын бастаймыз.

II. Өткен сабақты бекіту

Үй тапсырмасы

«Әдепті бала — арлы бала» тақырыбына жазылған шығармаларды оқыту.

Тест арқылы білімді тексеру

  1. 1) Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

    • А) 3
    • Ә) 2
    • Б) 4
  2. 2) Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

    • А) 3
    • Ә) 2
    • Б) 4
  3. 3) Мәтін деген не?

    • А) Ұзын бір сөйлем
    • Ә) Екі не одан да көп сөйлем
    • Б) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
  4. 4) Мәтіннің неше түрі бар?

    • А) 3
    • Ә) 4
    • Б) 2
  5. 5) Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.

    • А) су-рет
    • Ә) ау-а
    • Б) қау-ын
  6. 6) «Қияр» сөзінде неше дыбыс, неше әріп?

    • А) 4 әріп, 4 дыбыс
    • Ә) 4 әріп, 5 дыбыс
    • Б) 4 әріп, 6 дыбыс

III. Жаңа сабақ

Ребус

«Көйлек» сөзінің басындағы к әрпін с әрпімен, соңындағы к әрпін м әрпімен алмастырсақ, қандай сөз шығады?

Жауабы: Сөйлем

Талқылау сұрақтары

  • Сөйлем нені білдіреді?
  • Сөйлем неден құралады?
  • «Сөйлем» дегенде ойға ең алдымен не келеді?

Ереже

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөйлем соңына нүкте (.), сұрау белгісі (?), немесе леп белгісі (!) қойылады.
  • Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
  • Сөйлем бөлек жазылатын сөздерден құралады.

Оқулықпен жұмыс

164-жаттығу

  1. 1) Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқу.
  2. 2) Қай бағандағы сөздер сөйлем екенін анықтау.
  3. 3) Қай бағандағы сөздер сөйлем емес екенін табу.
  4. 4) Неліктен екенін дәлелдеу.

166-жаттығу

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу:

  • 1-қатар: Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
  • 2-қатар: Ақан, сырғанады, шанамен.
  • 3-қатар: Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

Көркем жазу

Әріп үлгісі

СсС    СсС

Тақпақ

Сасық суды тауысқан, Сойқан, суайт сауысқан.

IV. Сергіту сәті

Мынау менің — жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым — ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау менің — оң қолым, Мынау менің — сол қолым. Барлық істі атқарған.

V. Тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ

Төмендегі сипаттамаларға қарай сөйлем түрін табыңдар.

1-қатар

Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құрамын.

Жауабы: Сұраулы сөйлем

2-қатар

Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым.

Жауабы: Хабарлы сөйлем

3-қатар

Қуану, ренжу, өкіну —
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.

Жауабы: Лепті сөйлем

Дыбыстық талдау

Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар:

Сөйлем Нүкте Үтір

VI. «Бес жолды өлең» құрастыру

Төмендегі үлгі бойынша 5 жолды өлең құрастырыңдар:

1-жол

Не? (1 сөз)

2-жол

Қандай? (2 сөз)

3-жол

Не істеді? (3 сөз)

4-жол

Қайда болды? (4 сөз)

5-жол

Сөйлем жаз. (қорытынды, 5 сөз)

Қорытындылау

Сөйлем нені білдіреді?

Аяқталған ойды білдіреді.

Сөйлем неден құралады?

Бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады.

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөздер бөлек жазылады, сөйлем басы бас әріптен басталады.

Сөйлемнің соңынан не қойылады?

Нүкте, сұрау белгісі немесе леп белгісі қойылады.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: мұғалімнің нұсқауына сәйкес (сөйлем құрау және тыныс белгілерін дұрыс қолдану бойынша) жаттығу орындау.