Көшеде жүру ережелерін пысықтау

Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз! Бұл сынып сағаты көшеде қауіпсіз жүру мәдениетін қалыптастыруға, бағдаршам мен сая жол туралы түсінікті бекітуге және үлкенді сыйлау, жол беру, кішіге үлгі болу сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға арналған.

Мақсаты

  • Көшеде жүру ережелерін пысықтау.
  • Бағдаршам және сая жол туралы түсініктерді тереңдету.
  • Үлкенді сыйлау, жол беру, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.

Әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа айту, жағдаяттық тапсырмалар.

Көрнекілігі

  • Бағдаршам макеті
  • Жол ережесі жазылған плакаттар
  • Суреттер мен жол белгілері

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі

Құрметті қонақтар! Жолда жүру тәртібіне арналған сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Балалар, әдеттегідей әнұран айтайық.

ІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпқа кіріспе

Бүгін біз жолда жүру ережелерін қайталап, оны қаншалықты меңгергенімізді тексереміз. Мақсатымыз — қауіпсіздік қағидаларын сақтайтын, үлгілі жолаушы болуға ұмтылу.

Өлең жолдары

Мұғалім

Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

1-оқушы

Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымыз басталсын сәлемменен.

2-оқушы

Жайраңдаған жарандар,
Жан-жаққа көп қараңдар.
Жолаушыны соқпаңдар!

3-оқушы

Қызыл, сары, жасыл —
Бір өзінде үш от.
Қызыл жанса — тоқта!
Жасыл жанса — тез өт!

4-оқушы

Табамын деп төтені,
Қиып өтпе көшені.
Түсін мұны қате деп,
Түсін мұны қатер деп.

5-оқушы

Дәл ортаға жеткенше,
Сол жағыңа қарап ал.
Жол ортасынан өткенде,
Оң жағыңа қарап ал:
Машиналар жоқ па екен?

6-оқушы

Машинаға қабысып,
Сырғанама жабысып.
Бір жеріңді жаралап,
Майып болып қаласың.
Кімге кінә тағасың?
Ата мен анаңды
Сергелдеңге саласың.

7-оқушы

Қауіппенен ойнама,
«Өтемін» деп ойлама.
Шыққаныңда көшеге,
Еріп әке-шешеңе,
Көңілді қой сызыққа.

8-оқушы

Үлкен-кіші қала бар,
Ой жүгіртіп қарап ал.
Көше заңы тым қатал —
Сақ болыңдар, балалар!

9-оқушы

Тоқта, досым, саумысың?
Топтан асқан дәу мүсінсің?
Көше сырын білмесең,
Кердең қағып жүрме сен!
Көшенің біл тәртібін!

10-оқушы

Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де —
Бағдаршам екенін
Есте сақта, достарым!
Бұл сақшының үш көзі —
Үш көзден ұқ үш сөзді:
Ашса бұл дәу үш көзін —
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.

11-оқушы

Бұл дегенде — команда,
Бағына тұр аманда.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

12-оқушы

Үлкен-кіші қыдырмақ,
Болма бәріне ұрыншақ!
Өңірдің көп сыры бар,
Түрлі-түрлі жолы бар.
Ағайындар, абай болыңдар!

Барлығы бірге

Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!

ІІІ. Ойын: «Көшеден дұрыс өт»

Қатысушылар

Үш қатарға бөлініп, әр қатардан 2 оқушыдан қатысады.

Талқылау сұрақтары

  • Біздің ауылда үлкен көшелер бар. Онда жол ережесін қалай сақтаймыз?
  • Сая жол дегеніміз не?

Негізгі жауаптар

Сая жол

Жаяу адамдар жүретін жол.

Жаяу жүргіншіге болмайтын жер

Көлік жүретін үлкен жолмен жүруге болмайды.

Еске сақта

Қауіпсіздік — тәртіптен басталады: бағдаршамға бағыну, белгіленген жерден өту, айналаға мұқият қарау және өзге адамдарға құрмет көрсету.