Пікірталас мазмұнымен таныстырып өтейін

Сыныбы: 11

Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?

Мақсаты

Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа баулу; өз ойын мәдени түрде жеткізуге үйрету. Ұстамдылыққа және мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі

Пікірталас

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз. Бүгінгі пікірталаста әр қатысушы өз ұстанымын айтып, сұрақ-жауап арқылы ойымызды тереңдетеміз.

1-қатысушы: Жұмабекова Индира

Тақырып: Тәрбиелі қыздардың қоғамдық ортадағы әдебі

Тәрбиелі қыз көпшілік ортада әрдайым өзін жалғыз емес екенін ескеріп, өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды.

  • Сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды; сағызды жерге тастамайды және еш жерге жапсырмайды.
  • Үлкен кісіге жол береді, тайып кеткен адамға сүйеу болады.
  • Қоғамдық көлікте үлкендерге және балалы әйелдерге орын береді.
  • Автобустан шығарда итермелемей, сыпайы түрде өтіншін білдіреді.
  • Көліктен түсерде қарттарға және балалы әйелдерге көмектеседі.
  • Біреудің аяғын басып кетсе кешірім сұрайды; өзіне сондай жағдай болса сабыр сақтайды.
  • Назарын аударған нәрсені қолымен шошайтып көрсетпей, ыммен немесе көзқараспен білдіреді.
  • Қоқысты жерге тастамайды; тек қоқыс жәшігіне тастайды.
  • Көшені тек рұқсат етілген жерден және бағдаршамның жасыл түсінде кесіп өтеді.

2-қатысушы: Кәдірова Гүлжайна

Тақырып: Кітапхана мәдениеті
  • Алған кітабын уақытында тапсырады және оны өзінен кейін де басқа оқушылар оқитынын есте сақтайды.
  • Кітаптың бетін бүктемейді, жыртпайды, шимайды, жазу жазбайды.
  • Оқу залында сыбырлап та сөйлеспейді, тыныштық сақтайды.
  • Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.

3-қатысушы: Төреахметов Данияр

Тақырып: Мұражай мен көрмедегі тәртіп
  • Жәдігерлерді қолымен ұстамайды.
  • Айқайлап сөйлемейді, қатты күлмейді, қолын сермеп өзгелерге кедергі келтірмейді.

4-қатысушы: Жұмабаева Гүлзат

Тақырып: Театр әдебі
  • Спектакль басталуына 15–20 минут қалғанда келеді.
  • Асықпай шешініп, өзін ретке келтіріп, бағдарламасын алып, орнына ертерек отырады.
  • Өз орнына өтуде отырған адамға қарап, сыпайы түрде бетімен өтеді.
  • Қажет болса, адамдарды орнынан тұрып өткізіп жібереді.
  • Тек билетте көрсетілген орынға отырады; мәселе туындаса, ұрыспай билет тексерушіге жүгінеді.
  • Қойылым кезінде сөйлемейді, тамақ жемейді, аяқпен тарсылдатпайды.
  • Сахна жабылмай тұрып орнынан тұрып кетпейді.

5-қатысушы: Жанұзақ Үміт

Тақырып: Жастар мәдениеті

Қазіргі кезде кейбір жастар қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайтыны байқалады. Дегенмен, бәрін бірдей кінәлауға болмайды. «Жастар өзгеріп барады, мәдениетсіздік көбейді» деген жалпылама пікірлерге толық қосылмаймын. Менің ойымша, жастар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды және жауапкершілікпен ұстауы керек. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу — тәрбиенің басты өлшемі.

Сұрақ-жауап бөлімі

Қатысушыларға өз ойларын жалғастыру үшін төмендегі сұрақтар ұсынылды:

Сұрақ 1

Мектепте оқушылар өзін қалай ұстауы керек?

Сұрақ 2

Көшеде өзін қалай ұстау керек?

Сұрақ 3

Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?

Сұрақ 4

Жақын достарыңның арасында өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

Ойын: «Домино»

Шашыраған сөздерден өлең жолдарын белгілі бір уақыт ішінде құрастырып, мәнерлеп оқып беру тапсырылды.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.

«Білген сайын келеді біле бергім.»

Қорытынды сөз (жүргізуші)

Құрметті көрермендер, пікірталастың шешуші сәтіне де келіп жеттік. Белсенді қатысып, өз ойларыңызды ортаға салғандарыңыз үшін үлкен рақмет. Сау болыңыздар!