Сөз жұмбақ. Сабақтың барысы

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

М дыбысы мен әрпі

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Суретпен жұмыс
  • Ойын

Көрнекіліктер

Текшелер, әліппе-дәптер, әріптер, интерактивті тақта.

Мақсаты

  1. 1) М дыбысымен таныстыру.

    М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан М дыбысын табуға үйрету.

  2. 2) Тілін дамыту және сөздік қорын байыту.

    Балалардың М дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастыруына назар аудара отырып, сөздік қорын молайту.

  3. 3) Тәрбиелік мақсат.

    Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

2) Өткенді қайталау (ой қозғау)

  • Сұрақ: Дыбыс дегеніміз не?

  • Сұрақ: Әріп дегеніміз не?

  • Сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Сұрақ: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

3) Жаңа сабақ

1-тапсырма: Суретпен жұмыс

Сұрақ: Балалар, суретте нелер бейнеленген?

Жауап: мақта, моншақ, марал, мата, маса.

Қорытынды: Бұл сөздердің барлығы М дыбысынан басталады. Бүгін біз М әрпімен танысамыз.

Жұмыс түрлері:

  • «Мақта», «алма», «шам» сөздерін буынға бөлу
  • М дыбысының сөздегі орнын анықтау
  • Текшелермен белгілеу

2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс

М дыбысы бар сөздер мен буындарды тізбектей оқыту.

3-тапсырма: Жұмбақ шешу

Кім онда кіреді, сол ақылды болады.

Жауабы: мектеп

Өзі жап-жас, мұрты бар, ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйді, түкті тоны шұп-шұбар.

Жауабы: мысық

Отқа жанбайды, суға батпайды.

Жауабы: мұз

Тапсырма:

«Мысық», «мектеп», «мұз» сөздерін топтарға бөліп, сөйлем құрату.

Дәптермен жұмыс:

Мм әрпін жазу.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

4-тапсырма: «Кім шапшаң?»

Буындап оқу және біріктіріп айту:

Ма ↓

рал

та

мақ

қал

май

5-тапсырма: Сөзжұмбақ

  1. Шағатын жәндік.
  2. Банан жейтін жануар.
  3. Мақта қыздың досы.
  4. Білім ордасы.
  5. Мойынға тағатын әшекей (алқа).

6-тапсырма: «Сыр сандық» ойыны

Шарты:

М дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына қарай (басында, ортасында, соңында), әр сөзді тиісті сандыққа салу.

7-тапсырма: «Сөз ойла, тез ойла»

М... дыбысынан басталатын сөздерді айту.

Қорытынды

Сұрақ: Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

Сұрақ: М дыбысы қандай дыбыс?

Сұрақ: М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Сұрақ: Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

Оқушыларды мадақтап, сабақты аяқтау.