Оңғарсынова Әже өлеңін оқып беру

Сабақ тақырыбы

Ана тілі пәні: Фариза Оңғарсынова, «Әже» (слайд арқылы).

Сабақ мақсаты

Білімділік

Әженің балаға деген сүйіспеншілігін, мейірімінің шексіздігін және адам өміріндегі орнының ерекше екенін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды сөздік қорында орынды қолдануын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелілік

Оқушы бойындағы әжеге, анаға деген сүйіспеншілікті ояту, сыйлау мен құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі

  • Ой қозғау
  • Сұрақ–жауап
  • Түсіндіру

Көрнекілігі

  • Сөзжұмбақ
  • Слайд

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық даярлық.

Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: Ф. Оңғарсынова — «Жылу».

Тапсырма

«Пікірлер ағашын» толықтыру: Ф. Оңғарсынова туралы деректер

Кім?
Фариза апа, ақын
Туған жері
Атырау облысы, Манаш ауылы
Өмір сүрген жылдары
1939–2014
Тұңғыш кітабы
«Бұлбұл» (1967)

Өлеңді жатқа айту

«Жылу» өлеңін тізбек бойынша жатқа айту.

Айдай анам Ананың құшағы Күн көзіндей жанары Ана сүті Күннің нұры

Сөз тіркестерімен әңгіме құрастыру

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып құрастырған әңгімелерін оқыту.

Үй тапсырмасын қорытындылау (сұрақ–жауап)

  • Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады? — Өйткені күн секілді жылу береді.

  • Ана сүті қандай? — Нәрлі, құнарлы.

  • Ананың алақаны қандай? — Жұмсақ.

  • Күннің шуағы қандай? — Жылы, бүкіл жер бетін жылытады.

  • Ананың құшағы қандай? — Жылы, үйдің ішіндей мейірім береді.

Сөзжұмбақ және бекіту тапсырмалары

Сөзжұмбақ сұрақтары

  • «Қуатты» сөзін басқаша қалай атайды?
  • Ананың құшағы қандай?

Көп нүктенің орнына сөз қой

— асқар тау.

Әже деп кімді атаймыз? — Үйдегі әкеміздің анасы.

Әжеміз туралы қысқаша әңгімелеу.

Ән

«Ақ әжем» әнін айту.

Жаңа тақырып: «Әже» өлеңі

Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі. Одан кейін өлеңді тізбек бойынша оқыту.

Дәптермен жұмыс

Өлең мазмұны бойынша негізгі ойды жазу, тірек сөздерді белгілеу.