Ойынбек досымызда бүлдіршіндермен ортада
Кеш көрінісі және мерекелік көңіл-күй
Зал іші Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Әуезді музыка жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Фанфар үнімен кештің шымылдығы ашылады.
Стефанидің сахнаға шығуы
Ішке Еріншектер елінің кейіпкері Стефани кіреді.
Стефани: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен ата-аналар! Менің атым — Стефани. Мен Еріншектер елінен келген қонақпын. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл — бұл жаңа нұр,
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Көгілдір шырша жанында көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік кешімізді бастаймыз!
Стефани: Мен жалғыз келген жоқпын. Өзіммен бірге достарымды да ала келдім.
- Тәттібек — бүлдіршіндермен бірге ортаға шақырылады.
- Томпақ — балалармен бірге ортаға шығады.
- Ойынбек — бүлдіршіндермен ортада.
- Құтқарушы досымыз Спортукус — бізбен бірге.
Стефани: Менің бүлдіршіндерім қайда? (Балаларды топ тәрбиешісі алып келеді.)
Стефани: Қанеки, қол соғып қарсы алайық!
Флешмоб және ортақ көңіл-күй
Балалар 4 қатарлы сапқа тұрып, кейіпкерлермен бірге флешмоб билейді.
Стефани: Балалар, бәріміз билейміз бе?
Балалар: Иә!
Би аяқталған соң, балалар дөңгелене жарты шеңбер болып тұрады.
Стефани: Көңілдерің көтерілді ме?
Балалар: Иә!
Хор: «Көрікті шырша»
Осы кезде 10 бала тақпақ айтады.
Балалардың Жаңа жылға арналған тақпақтары
Стефани: Балалар, мерекелік кешіміз өте көңілді басталып жатыр. Ендеше, мерекеге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
1) Аяулым
Жаңа жыл — жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
2) Жан
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, Жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
3) Балнұр
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын!
4) Бекмұрат
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
5) Қ. Әлихан
Кел, Жаңа жыл! Төрле-төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
6) Алихан А.
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
7) Абылай
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан — бәрімізге!
8) Алижан
Зеңгер көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген —
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
9) Нұрқанат
Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе аман алыстан,
Сәлем, Аяз атамыз!
10) Әсемай
Келді, міне, Жаңа жыл —
Құт-береке әкелсін ортамызға, баршаңызға.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын!
Кедергі және құтқару сәті
Достардың ақылдасуы және Кесірбектің пайда болуы
Осы сәтте достары Стефаниді сценарий парағын оқуға шақырып, өзара ақылдаса бастайды. Кенет Кесірбектің қарқылдаған күлкісі естіледі.
Кесірбек: А-ха-ха-ха! А-ха-ха-ха! Көңілді кеш өткізгілерің келеді екен ғой, ә? Мен сендерге қазір «көңілді кешті» көрсетейін! Ха-ха-ха!
Стефани: Ой-ой, мына жарыққа не болды? Біздің бүгінгі керемет кешімізге кім кесірін тигізбекші?
Достары: Иә, бұл кім болды екен?
Балалар: Ол — Кесірбек Робби!
Стефани: А-а-а, бұл Кесірбектің ісі екен ғой!
Стефани: Енді қайттік, достарым? Кімнен көмек сұрасақ екен?
Балалар: Спортукустан!
Стефани: Дұрыс айтасыңдар. Бізге тек Спортукус көмектесе алады. Сиқырлы тетікше арқылы оны көмекке шақырайын.
Спортукустың келуі
Музыка ойналып, Спортукус ортаға келеді. Ол қимыл-қозғалыс жасап, жарықты қайта жағады.
Спортукус: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Стефани: Балалар, бұл — Спортукус. Еріншектер еліндегі құрметке лайық жан. Енді ол біздің ортамызда. Міне, бізге де көмегі тиіп жатыр.
Стефани: Ендеше, балалар, ортаға шығып Спортукуспен бірге «Гномдар биін» билейік!
Қатысатын балалар (8): Ақжол, Жан, Бейбарыс, Бекмұрат, Қ. Абылайхан, Қ. Әли, Алижан, Т. Дамир.