Жуан сұрақ стратегиясы

Қысқа мерзімді жоспар (Дүниетану, 3-сынып)

Тақырып: Ауа

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: З. М. Мухатова

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Алдыңғы білімді жаңа мазмұнмен байланыстыра отырып меңгерту.

Нәтиже

Салыстыру және қорытынды

Оқушы өз ойын еркін жеткізіп, зертханалық жұмыста байқампаздық танытады.

Фокус

Бақылау дағдысы

Ауаның қозғалысын бақылау арқылы түсіндіру және дәлелдеу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ауа туралы білімін тереңдету, ауаның жер бетіндегі қозғалысын түсіндіру және оны бақылауға үйрету. Байқампаздық пен қызығушылық дағдыларын дамыту арқылы салыстыруға және қорытынды жасауға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже

  • Бұрынғы білімін жаңа біліммен байланыстырып, салыстырады және қорытынды жасайды.
  • Өздігінен жұмыс істеп, ойын еркін әрі нақты жеткізеді.
  • Зертханалық жұмыста бақылағыштық пен қызығушылық танытады.

Қолданылатын әдістер мен тәсілдер

СТО стратегиялары

  • Категориялық топтастыру
  • «Иә / Жоқ»

Деңгейлік тапсырмалар

  • Жіңішке және жуан сұрақтар
  • Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау
  • Үштілділік компонент

Қажетті құрал-жабдықтар

Флипчарт Стикерлер Суреттер: дауыл, құйын, торнадо 3 түсті құмыра: жасыл, сары, қызыл А4 форматындағы үш тілдегі сөздер тобы

Сабақтың құрылымы

I. Кіріспе

Психологиялық тренинг (ұран):
«Мақсатымыз — білім алу, міндетіміз — еңбектену!»

Ауа райын бақылауға бағыттау: оқушылар ауа райын бақылап, дәптерге белгілейді, ал кезекші оқушы тақтада нәтижесін көрсетеді.

II. Негізгі бөлім

Категориялық топтастыру

  • Флипчартта бастапқы білімді белгілеу (қара маркер).
  • Оқулық мәтінінің I бөлігін оқып, негізгі ойларды топтастыруға қосу (қызыл маркер).

Зертханалық жұмыстар

№1 зертханалық жұмыс

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және сақтау.

№2 зертханалық жұмыс

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және сақтау.

Мәтінмен жұмыс (II–IV бөлім)

  • II бөліммен танысып, оқушы ойларын топтастыруға енгізу (қызыл маркер).
  • Суреттер арқылы қосымша ақпарат беру: құйын, торнадо және олардың салдары.
  • III және IV бөлімдерді талдап, негізгі тұжырымдарды топтастыруға қосу (қызыл маркер).

Үштілділік компонент

Тірек сөз

Ауа — воздух — air

Тірек сөз

Жел — ветер — wind

«Жуан сұрақ» стратегиясы (ситуациялық сұрақ)

Сұрақ: «Желбағар болмаған жағдайда желдің бағытын қалай анықтауға болады?»

  • Мата қиындысының қозғалысы арқылы
  • Ағаштардың тербелуіне қарап
  • Мұржадан шыққан түтіннің бағытымен
  • Жауын-шашынның (қар, жаңбыр) бағыты арқылы
  • Шөптесін өсімдіктердің қисаюына қарап

Сергіту сәті (мәтін бойынша қимыл-қозғалыс)

Күн бұлттанды, жел тұрды. Жаңбыр жауды, күшейді. Күн күркіреді. Найзағай ойнады. Жел бәсеңдеді, жаңбыр себелеп жауды... Басылды. Күн ашылды, кемпірқосақ көрінді.

III. Қорытынды

Бекіту

«Иә / Жоқ» стратегиясы арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.

Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылардың түсіну деңгейіне қарай тапсырмалар ұсыну және орындау бағытын түсіндіру.

Үй тапсырмасы

50-бет, №3 зертханалық жұмыс.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау.

Рефлексия

Оқушылар өздерінің сабақта қалай жұмыс істегенін және қандай деңгейде тапсырмаларды орындағанын бағалайды.