Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал

Сабақтың барысы

Бұл сабақта балалар «жеті» санының қазақ танымындағы орны мен маңызын түсініп, ертегі арқылы ой қорытып, сөздік қорын байытады.

1

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аударып, ынта қалыптастырамыз. Күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық:

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарасайық!
Бәріміз дос болайық!

2

Жаңа сабақ

Аптада неше күн бар екенін бірге санайық: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демек, жеті күн бар.

Ата-бабамыз: «Жеті атасын білу — міндет!» деген.

  1. 1 Ата
  2. 2 Әке
  3. 3 Бала
  4. 4 Немере
  5. 5 Шөбере
  6. 6 Шөпшек
  7. 7 Немене

Көріп тұрғанымыздай, жеті саны өмірімізде жиі кездеседі. Қазақ халқы бұл санды қасиетті, киелі деп есептеген.

3

Ертегіні оқу

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті әрі ақылды деп арыстанды мақтайды. Бірақ ит үндемейді. Арыстан: «Неге үндемейсің?» — дегенде, ит: «Ең ақылды, ең қайратты — адам», — дейді. Арыстан ашуланып, ит аңдардан бөлініп қалады. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

4

Сөздік жұмысы

Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлемде қолданамыз:

салмақты мадақтады алыстатыңдар жағымпазданды
5

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Суретке қарап әңгіме құрастырамыз және жеті қазынаны атаймыз:

  • Ер жігіт

    Қайрат, намыс, жауапкершілік.

  • Әйелі (ана)

    Отбасының ұйытқысы, мейірім.

  • Ақыл-білім

    Таным мен тәрбие негізі.

  • Жүйрік ат

    Серіктік, шапшаңдық.

  • Мылтық

    Қорғаныс құралы.

  • Қыран бүркіт

    Қырағылық, еркіндік белгісі.

  • Ит

    Достық, адалдық, қорғаушы.

6

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз.

7

Ертегіні сахналау

Кейіпкерлер: арыстан, түлкі, қасқыр, ит. Балаларға кейіпкерлердің маскалары таратылып, қысқа көрініс қойылады.

8

«7 саны» туралы мақал-мәтелдер

  • Жеті атасын білмеген — жетесіз.

  • Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

9

Өз бетінше жұмыс

Балалар өзіне ұнаған жеті қазынаның біреуінің суретін салады.

10

Ойын: «Тақия тастамақ»

Ойын шарты: тақия тастау арқылы балалар кезекпен жеті қазынаны бір-бірлеп, жылдам атап шығады. Ойын осылай жалғаса береді.

11

Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекітеміз:

  • Ертегі қалай аяқталды?
  • Жеті қазынаны ата.
  • Арыстан өзі туралы нені білгісі келді?

Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады, сабақ қорытындыланады.