Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Қима қағаздармен жұмыс

Көрнекілігі

  • Қима қағаздар
  • Геометриялық фигуралар

Мақсаты

Білімдік

  • Сызбаларды пайдалана отырып, үшбұрыштың және тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрін табу.
  • Екі амалмен шығарылатын есептерді (сонша, қосындыны немесе қалдықты табу) шығару дағдыларын бекіту.
  • Екі таңбалы сандарды оқу және жазуды пысықтау.

Дамытушылық және тәрбиелік

  • Ойлау және есте сақтау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Мейірімділікке, ұқыптылыққа, зейінділікке және әдептілікке тәрбиелеу.

Өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсатын таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Білімді жан-жақты сұрау арқылы өткен сабақтарды еске түсіру:

Өткен сабақтардан не үйрендік?

Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік.

Периметр дегеніміз не?

Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы.

III. Жаңа материалды меңгеруге дайындық

Бүгінгі сабақта үшбұрыштың, төртбұрыштың және шаршының қабырғаларын өлшеп, олардың периметрін табуды үйренеміз.